Құтқарушылар тобы 3 күннен бері табылмай жатқан екі жұмысшыны геологиялық сканерлеу әдісімен іздеуге көшті. Ол Балқаш қаласынан геологиялық сканерлеу құрылғысы алдырылған.
«Бүгін ойықтың ернеуіне «Богатырь Көмір» кәсіпорнының үлкен краны орнатылды. «АК Алтыналмас» АҚ мен Павлодар облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары кран көмегімен шұңқыр табанына сканерлеу құрылғысын түсірді. Геологиялық зерттеу құралы құлаған топырақ үйінділерін сканерлеп, жер астында пайда болған бос кеңістіктерді, металл мен өзге де құбылыстарды іздеп жатыр», деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.