Қазақстан • 12 Қаңтар, 2024

Қазақстан көш соңында қалды. Халықаралық ақпарат агенттігі үздік елдерді анықтады

2929 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

U.S. News & World Report халықаралық аналитика және ақпарат агенттігі 2023 жылдың үздік елдер тізімін жариялады. Агенттік нұсқасы бойынша рейтингтегі 87 елдің ішінде Қазақстан 84 орынды еншілеген, деп жазады Egemen.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан көш соңында қалды. Халықаралық ақпарат агенттігі үздік елдерді анықтады

Фото: kapital.kz

Қазақстаннан кейін тізім соңында Беларусь, Иран мемлекеттері бар.

Ал Үздік елдер рейтингінің ТОП үштігінде Швейцария, Канада және Швеция елдері тұр.

Көршілес өзбек елі бізден бір саты жоғары, 83 орынға жайғасқан.

Рейтингті зерттеген сарапшылар елдердегі туризм (Қазақстанда әлемде 86-шы орын), мәдени ықпал (85-ші орын), кәсіпкерлік (80-ші орын), мұра (83-ші орын), бизнеске ашықтық (80-ші орын), өмір сұру сапасы (81-ші орын) және басқа критерийлер бойынша бағалаған.

Үздіктер тізімінде  Қазақстан ТМД елдеріне кіретін мемлекеттер ішінде тек Беларусьті ғана басып озған. Осы ұйым құрамындағы Ресей (37-ші), Украина (68-ші), Әзербайжан (77-ші) және Өзбекстан (83-ші) қатарға орныққан.аа