Фото: kapital.kz
Қазақстаннан кейін тізім соңында Беларусь, Иран мемлекеттері бар.
Ал Үздік елдер рейтингінің ТОП үштігінде Швейцария, Канада және Швеция елдері тұр.
Көршілес өзбек елі бізден бір саты жоғары, 83 орынға жайғасқан.
Рейтингті зерттеген сарапшылар елдердегі туризм (Қазақстанда әлемде 86-шы орын), мәдени ықпал (85-ші орын), кәсіпкерлік (80-ші орын), мұра (83-ші орын), бизнеске ашықтық (80-ші орын), өмір сұру сапасы (81-ші орын) және басқа критерийлер бойынша бағалаған.
Үздіктер тізімінде Қазақстан ТМД елдеріне кіретін мемлекеттер ішінде тек Беларусьті ғана басып озған. Осы ұйым құрамындағы Ресей (37-ші), Украина (68-ші), Әзербайжан (77-ші) және Өзбекстан (83-ші) қатарға орныққан.