Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024

Шекара аумағы өзгерді

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының шекарасына енетін аумақтың жалпы ауданы 721,940,2365 гектарды, яғни 722 мың гектарға жуық ауданды құрайды. Құзырлы орындар мамандары бұл учаскенің Қазақстан шекарасына қандай да бір өзгерістер әкелмейтіндігін және еліміздің су қоры жерлерінің санатына жататындығын айтады.

Шекара аумағы өзгерді

Облыс шекарасы бұрын Каспий теңі­зінің жағалауында аяқталатын. Осы­ған байланысты, теңіз жағасын­дағы бастапқы сызық облыс аумағына енгізіл­ді. Бұл өзгеріс өңірдің экономи­калық дамуын қарқындатып, оның ішінде туризм­ді ынталандырады, жағалауда салынған нысандарды заңдастыру арқылы бюджет түсімдерін арттырады. Облыс шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы аумақ­ты қосу арқылы Маңғыстау өңірі шекарасындағы өзгерістерді сипаттайтын қаулы жобасы 2023 жылғы шілдеде «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Бұл жоба Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, са­раптамалық кеңестер және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы ғылыми сарап­таманың қорытындыларын алды.

Үкімет қаулысы қабылданғаннан кейін бұл жер учаскелері облыстың жер резервіне енгізіліп, Ақтау қаласында, Қарақия және Түпқараған аудандарында теңіз жағалауларын бөлу жұмыстары жүргізіледі.

 

Маңғыстау облысы