Облыс шекарасы бұрын Каспий теңізінің жағалауында аяқталатын. Осыған байланысты, теңіз жағасындағы бастапқы сызық облыс аумағына енгізілді. Бұл өзгеріс өңірдің экономикалық дамуын қарқындатып, оның ішінде туризмді ынталандырады, жағалауда салынған нысандарды заңдастыру арқылы бюджет түсімдерін арттырады. Облыс шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы аумақты қосу арқылы Маңғыстау өңірі шекарасындағы өзгерістерді сипаттайтын қаулы жобасы 2023 жылғы шілдеде «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Бұл жоба Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сараптамалық кеңестер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындыларын алды.
Үкімет қаулысы қабылданғаннан кейін бұл жер учаскелері облыстың жер резервіне енгізіліп, Ақтау қаласында, Қарақия және Түпқараған аудандарында теңіз жағалауларын бөлу жұмыстары жүргізіледі.
Маңғыстау облысы