Тағзым • Бүгін, 15:27

Қазақстанда 3 жаңа орден пайда болады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісі Қазақстанның мемлекеттік наградалары туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады. Құжатқа сәйкес, елде үш жаңа орден пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 3 жаңа орден пайда болады
  • «Мейірім» ордені меценаттық, филантропиялық және қайырымдылық қызметке елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталады.
  • Ал «Қожа Ахмет Ясауи» ордені танымал Қазақстан және шетел ғалымдарына, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне беріледі.
  • «Әл-Фараби» ордені білім мен ғылым, мәдениет және рухани өмір салаларында жетістікке жеткен азаматтарға арналған.

Заң жобасы Парламент Сенатының қарауына жолданды.

«Ерлік ешқашан ескірмейді»: Тоқаев Кенжебай Мәденовтің ұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Қожа Ахмет Ясауи» орденін мемлекеттік наградалар тізіміне енгізу туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген болатын. Кейін Мемлекет басшысы «Әл-Фараби» орденін тағайындауды да ұсынған еді.

Биыл «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи» және «Әл-Фараби» ордендері алғаш рет Республика күні қарсаңында табысталмақ.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар