Президент • Бүгін, 16:23

Президент: Alatau City құрылысында отандық өнімге басымдық берілуі керек

2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City жобасын табысты жүзеге асыру үшін жер мәселесін жедел реттеу қажет екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарының баяу жүріп жатқанын сынға алып, бұл бағытта мемлекеттік органдардың дәрменсіздік танытуына жол берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Alatau City құрылысында отандық өнімге басымдық берілуі керек

Мемлекет басшысы жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, Alatau city жобасы құрылысқа және жалпы ел экономикасына мықты серпін беретінін атап өтті.

«Құрылысты толық әрі қарқынды жүргізу үшін жер мәселесін шұғыл шешу керек. Алматы облысының жері өте шұрайлы екені баршаға мәлім. Қаладағы және іргелес аумақтағы жер телімдерінің көпшілігі жеке меншікте немесе ұзақ мерзімге жалға берілген. Олардың басым бөлігі әлі күнге дейін игерілмей жатыр. Мемлекет қажетті нысандар салып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жер телімдерін сатып алуға мәжбүр болып отыр. Бұл жағдай бүкіл жұмысқа үлкен кедергі келтіріп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алатауды криптоқалаға айналдыруды тапсырды

Өкінішке қарай, құрылысы басталған жобалардың саны жоспарға сай емес, яғни, әлдеқайда аз. 2024-2025 жылдардың өзінде қолданылмай жатқан 16 мың гектардан астам жер анықталды. Бірақ оның бар-жоғы 688 гектары ғана мемлекетке қайтарылды. Бұл жұмыс көптен шешімін таппай келе жатқан шектеулер мен рәсімдік кедергілерге байланысты өте баяу жүріп жатыр. Осы мәселе бойынша билік мекемелерінің қауқарсыздық көрсетуге хақы жоқ», деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. 

Президент Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар