Оқиға • Бүгін, 17:20

Продюсерінен зорлық көрген жігіт оқиғасы: Полиция тексерісті бастады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ өкілдері кәмелет жасында туысы тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген жігіттің арызынан кейін тексеру басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта арыз иесі Қытайда жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Продюсерінен зорлық көрген жігіт оқиғасы: Полиция тексерісті бастады

Ішкі істер министрлігі продюсерге қатысты зорлау фактісі бойынша тексеру жұмыстарын бастады. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Бұған дейін жас актер Нұрғали Нұғман Instagram парақшасында видеоүндеу жариялап, бала кезінде туысы тарапынан жыныстық зорлық көргенін айтқан болатын. Оның сөзінше, аталған адам балалар жобасының продюсері болған.

Продюсерден зорлық көрген: «Balapan» телеарнасы Нұрғали Нұғманның жазбасына қатысты пікір білдірді

ІІМ мәліметінше, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат тарағаннан кейін полиция жедел түрде әрекет еткен.

Санжар Әділов қазіргі уақытта барлық айтылған деректер тексеріліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, арыз иесі әзірге Қазақстаннан тыс жерде, Қытайда жүр.

Полиция өкілдері Нұрғали Нұғман елге оралғаннан кейін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар