Тағайындау • 20 Қаңтар, 2024

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті басшысы тағайындалды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының келісімімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының бұйрығымен Болат Серікпайұлы Жармақов Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы болып тағайындалды. Жаңадан тағайындалған басшыны Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев облыс активі жиналысында таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті басшысы тағайындалды

Фото: Алматы облысы әкімдігі

«Мемлекет басшысы алдымызға қойған міндеттерді сіздермен бірлесе отырып, жүзеге асырамыз деп сенемін. Қазіргі уақытта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше көңіл бөлініп жатыр, бұл мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Осы жұмыста барлығымызға сәттілік тілеймін», деді облыс әкім.

Болат Жармақов 1986 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

2007 жылы Қаржы полициясы академиясын тәмамдаған.

2003–2007 жылдары – Қаржы полициясы академиясының тыңдаушысы болды.

2007–2014 жылдары – Астана қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы), 2014–2021 жылдары – Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Түркістан облыстары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменттерінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2021-2022 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің анықтау және жолын кесу қызметі басшысының орынбасары болды.

2022-2023 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің анықтау және жолын кесу қызметінің басшысы қызметін атқарды.

2023 жылдың 15 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушысы болды.