Қоғам • 20 Қаңтар, 2024

«Қар аралас жаңбыр, жел, тұман»: Бірнеше жол учаскелері жабық

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі сағат 10.00-дегі ахуал бойынша қар аралас жаңбыр, жел, тұманға байланысты бірнеше жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

«Қар аралас жаңбыр, жел, тұман»: Бірнеше жол учаскелері жабық

Фото: 24 kz

QazAvtoJol хабарландыруы бойынша, 3 облыс аумағында республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жамбыл облысында – 1 учаске: «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 км.  

Жетісу облысында – 1 учаске: «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. - Достық ст. – 100 км.  

Батыс Қазақстан облысында – 2 учаске

  1. «Орал-Тасқала-РФ гр.» 4-104 км, Орал қ.- РФ шек. – 100 км.
  2. «Самара-Шымкент» 195-246 км, РФ шек-Орал қ. – 51 км. (РФ ауа райының нашарлауына байланысты).

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау үшін 373 бірлік арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылған.