Фото: 24 kz
QazAvtoJol хабарландыруы бойынша, 3 облыс аумағында республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жамбыл облысында – 1 учаске: «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 км.
Жетісу облысында – 1 учаске: «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. - Достық ст. – 100 км.
Батыс Қазақстан облысында – 2 учаске
- «Орал-Тасқала-РФ гр.» 4-104 км, Орал қ.- РФ шек. – 100 км.
- «Самара-Шымкент» 195-246 км, РФ шек-Орал қ. – 51 км. (РФ ауа райының нашарлауына байланысты).
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау үшін 373 бірлік арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылған.