Аймақтар • 01 Ақпан, 2024

Польша бизнесінің Жетісудағы қадамы

85 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Былтыр жыл басынан тартылған 54,1 млрд теңге инвестиция жылдық жоспардың тек 63 пайызын құрап отыр. Негізінде өткен жылы Жетісуға 86 млрд теңге инвестиция салынады деп күтілген. Қазір аграрлы өңір сырттан инвесторлар іздестіріліп жатыр. Осы мақсатта облыс әкімі Бейбіт Исабаев Польшадан келген бизнесмендер делегациясымен кездесті. Олар осында құс пен сиыр етін өңдеуге, тұқы балығын өсіруге ниетті.

Польша бизнесінің Жетісудағы қадамы

Суретті түсірген – Жеңіс Ысқабай

Тікелей шетелдік инвестиция аз тартылған өңірлердің қа­та­рында Жетісу облысы да бар. Жаңадан құрылған өңір­дің бұл бағытта баяу ілге­рі­леп келеді. Ресми қонақ­тарға жылы құрметін білдірген облыс әкімі Жетісуда 5 стра­те­гия­лық бағыт бойынша өңірдің ин­вестициялық тар­тым­ды­лы­ғын арттыру жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.

«Логистикалық және тран­зиттік тұрғыда Жетісу өңі­рі геостратегиялық жағы­нан да, геоэкономикалық жағы­нан да тиімді орналасқан. Соны­мен қатар аймақтың табиғи-климаттық жағдайы қолай­лы, топырағы құнарлы, суы бар, мұның бәрі ауыл шаруашылығының белсенді дамуына оң ықпал етеді. Жа­ны­мызда екі үлкен нарық – Ре­сей мен Қытай орналасқан. Оның үстіне, біздің аумақ ар­қылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралі өтеді, «Қорғас» халықаралық шека­ралық ынтымақтастық орта­лы­ғы, сондай-ақ «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін эконо­микалық аймағы табыс­ты жұ­м­ыс істеп жатыр, мұнда Қы­таймен шекарадағы теміржол және автомобиль өткел­дерін айтпағанның өзін­де инвес­ти­циялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті бар­лық инфра­құрылым бар. Арнайы эконо­ми­ка­лық ай­маққа ет комбинатын орна­ластыруға болады, бұл жер экспортқа бағытталған өнім­дер­ді өткізуге ыңғайлы», деді Б.Исабаев.

Өз кезегінде «Мосциб­ро­дыдағы ет комбинаты» отба­сылық кәсіпорнының пре­зи­ден­ті, Польша Республикасы Пар­ламентінің депутаты Кшиш­тоф Борковский жылы қа­былдау үшін алғыс айта отырып, күркетауық пен тауық етін өңдейтін экспортқа ба­ғыт­талған зауыт салу ниетін жет­кіз­ді. Сол сияқты құс басын өсіру үшін фабрика салатын да ойлары бар.

«Сапалы әрі пайдалы өнім шығару үшін кәсіпорынға озық технологияларды енгі­зе­міз. Сол жабдықтарда тауық пен күркетауықтан басқа сиыр етін де өңдеуге болады. Өні­мі­мізді жергілікті нарыққа, со­нымен қатар Қытай мен Ресейге сатқымыз келеді. Біз сондай-ақ жасанды су қойма­ла­рында тұқы балығын өсіруге маманданғанбыз, мен өз елім­де осы салаларда жұмыс іс­тей­мін, бұдан бөлек менің екі ет комбинатым жұмыс істеп тұр», деді поляк инвес­торы. Оған қоса ол жергілікті фер­мер­лерді күркетауық өсіру әдіс­теріне үйретуге дайын еке­нін жеткізді.

Өңір әкімінің баспасөз қыз­метінің мәліметінше, ауыл шар­уашылығы саласына, со­ның ішінде ет пен сүт өңдеуге инвестор тарту өңірдегі басым бағыттың бірі. Бұл жоба­лар­дың қызығушылық тудыратынын баса айтқан аймақ басшысы мал азығы қорын құру мәселесін жергілікті шаруа­лар­дың көмегімен шешуді ұсынды, олармен кәсіпкер тиісті келісімшарттар жасай алады.

«Мұндай жобалар біздің об­лысқа керек. Еліміздің заң­дары аясында Сіздерге қа­­жетті қолдау көрсетуге, ашық ын­тымақтастыққа дайын­быз. Әзірге кәсіпорынды ор­на­лас­ты­руға қатысты қолда бар мүм­­­к­індіктеріміз бен ұсы­ныс­та­­­рымызды егжей-тег­жей­ зерделеп, сондай-ақ сіз ұсынып отырған жобаларды жүзеге асыру жолдарын бірлесіп жан-жақ­ты пысықтауымыз қажет», деп түйіндеді сөзін Б.Исабаев.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы шешім қабыл­дап, инвесторлардың жақын арадағы аймаққа сапары жө­нін­де уағдаласты.

 

Жетісу облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024