Қоғам • 02 Ақпан, 2024

Ел тұрғындары наурыз айында қанша күн демалатыны белгілі болды

1803 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың наурыз айында ел тұрғындары мереке және демалыс күндерін қоса есептегенде 14 күн демалады, деп жазады Egemen.kz.

Ел тұрғындары наурыз айында қанша күн демалатыны белгілі болды

Алдағы айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.

Азаматтарға арналған электронды үкімет порталында 2024 жылға арналған Республикадағы мереке және демалыс күндері жарияланған.

Кестеге сай 8 наурыз мерекесі жұма күніне тұс келуіне байланысты 8,9,10 наурыз демалыс күндері болып есептеледі.

Ал Наурыз мерекесіне орай 21,22,23,24,25 наурыз демалыс күндеріне жатқызылған.

Наурыз айының 23-і сенбіге тұс келетіндіктен 25 наурыз дүйсенбі демалыс деп белгіленген. (5 және 6 күндік жұмыс аптасына қарай демалыс ішкі тәртіппен реттеледі)

Порталда Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы екені де ескертілген.аа

Кесте: egov.kz