Алдағы айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.
Азаматтарға арналған электронды үкімет порталында 2024 жылға арналған Республикадағы мереке және демалыс күндері жарияланған.
Кестеге сай 8 наурыз мерекесі жұма күніне тұс келуіне байланысты 8,9,10 наурыз демалыс күндері болып есептеледі.
Ал Наурыз мерекесіне орай 21,22,23,24,25 наурыз демалыс күндеріне жатқызылған.
Наурыз айының 23-і сенбіге тұс келетіндіктен 25 наурыз дүйсенбі демалыс деп белгіленген. (5 және 6 күндік жұмыс аптасына қарай демалыс ішкі тәртіппен реттеледі)
Порталда Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы екені де ескертілген.
Кесте: egov.kz