Оқиға • 05 Ақпан, 2024

«Құтқарушылар үшін қауіпті». «Майқайыңалтын» кенішінде іздеу жұмысы тоқтатылды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 ақпан күні «Майқайыңалтын» кенішінде автобус құлап кеткен ойықта терең шұңқыр пайда болғаны хабарланған еді. Мамандар шұңқырды зерттеу нәтижесінде, ойықта жұмыс істеу құтқарушылардың өміріне қауіп төндіретінін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

«Құтқарушылар үшін қауіпті». «Майқайыңалтын» кенішінде іздеу жұмысы тоқтатылды

Фото: Павлодар облысы ТЖД

«GRP-RIDDER-GROUP» ЖШС жүргізген зерттеу ойықта пайда болған шұңқырдың асты бос кеңістік екенін, топырақ құрамы өзгергенін, бұл орында іздеу-құтқару жұмысын жалғастыру құтқарушылардың өміріне қауіп төндіретінін мәлімдеді.

Іздеу жұмысын тоқтату ісіне аймақтағы Төтенше жағдайлар департаменті түсінік берді:

«Апатты жою жөніндегі басшының орынбасары - КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Ерлан Жарқымбеков құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты «Майқайыңалтын» АҚ басшылығы ӘҚҚБ РҚШ ҚҚ-мен бірлесе отырып өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшыны кеніш аумағына шақырды. Маман апаттың барлық периметрін тексеріп шыққан соң, іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру немесе толық тоқтату туралы қорытынды шығарылады», делінген ТЖД хабараламасында.