Фото: Видеодан скрин. Павлодар облысы ТЖД
Асты бос кеңістік болуы мүмкін шұңқыр маңында жұмысты жалғастыру құтқарушылардың өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді. Сақтану мақсатында аймақтағы ТЖД ойыққа құлаған автобус пен әлі табылмаған екі адамды іздестіруді тоқтатты.
«Экскватор қазып жатқан жерде терең шұңқыр пайда болды. Шұңқырдың түбінде бос кеңістіктер бары байқалады. Экскаватор мен мамандар шұғыл түрде жоғары көтерілді. Ойық түбіндегі топырақтардың төмен опырылып түсіп кету қаупі туындағандықтан, жұмыстар уақытша тоқтады», деп жазылған Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Мамандар шұңқырдың ішін барлау үшін эндокамера түсіріліп, зерттеу басталғанын мәлім етті .