Балалар • Бүгін, 14:44

Елордада жаңартылған 8 аула балалар игілігіне берілді

2 мин
оқу үшін

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Астана қаласының Сарыарқа ауданында жаңартылған 8 аула мен бір қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жаңартылған 8 аула балалар игілігіне берілді

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Күрделі жөндеуден өткен аулаларда заманауи резеңке жабын төселіп, балаларға арналған ойын алаңдары мен футбол алаңшалары жаңартылған.

Елордада тұрғындардың ұсыныстары мен тілектерін ескере отырып, кешенді абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылған. Жаңғырту жұмыстары К. Күмісбеков көшесі, 7/1, Жеңіс даңғылы, 3 және 5, Н. Тілендиев даңғылы, 16/1, Титов көшесі, 14, Конституция көшесі, 25 және 27, сондай-ақ Қарталы көшесі, 6 мекенжайларында жүргізілген. Бұдан бөлек, Ирченко көшесінде тұрғындарға арналған жаңа шағын аллея абаттандырылған.

«Аудандағы абаттандыру жұмыстары мұнымен шектелмейді. Қазіргі уақытта Кенесары көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба аясында көше жиһаздары жаңартылып, ескі жарық шамдары заманауи үлгілерге ауыстырылды. Жеңіс даңғылы 3 және 5 мекенжайларында экологиялық таза материалдардан жасалған заманауи сәулет элементтері орнатылды. Алдағы уақытта бұл бастаманы Сарыарқа ауданының өзге аулаларында да кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр» делінген Астана қаласы әкімдігінің хабарламасында.

астана

Жаңартылған аулалардың салтанатты ашылуынан кейін балалар арнайы ұйымдастырылған іс-шараларға қатысып,сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен кездесті. Ойындар мен байқауларға белсене қатысты. Балаларға естелік сыйлықтар табысталды.

Қазақстанда балалардың қауіпсіздігіне 1,3 трлн теңге жұмсалады

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылы ауданда тағы 4 аумақты заманауи стандарттарға сай абаттандыру жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Астанада балаларды қорғау күніне орай 100-ге жуық іс-шара өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Жалған жаланың құрбаны

Қоғам • Бүгін, 14:12

Алаш арысының адал жары

Қоғам • Бүгін, 14:03

Ардақты есімге лайық ұлан

Қоғам • Бүгін, 13:50

Лондондағы Мисс Кәусар

Қоғам • Бүгін, 13:45