Баланың шат күлкісі – өмірдің сәні, елдің ертеңіне деген сенімнің белгісі. Сондықтан олардың құқықтарын қорғау, дені сау, білімді әрі бақытты болып өсуіне жағдай жасау – ата-ананың ғана емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті. Әрбір бала мейірімге, қамқорлыққа, жылы сөз бен жарқын болашаққа лайық.
Қоғамның шынайы келбеті балаларға деген қарым-қатынасынан танылады. Егер бүлдіршіннің күлкісі көп естілсе, демек елдің ертеңіне деген сенім де берік. Ал баланың мұңы көбейген жерде болашақтың да бұлдырай бастайтыны анық. Сондықтан әрбір сәбидің бақытты балалық шағы – мемлекет дамуының маңызды өлшемдерінің бірі. Бала ұлттың ертеңі дейміз. Ал сол ертеңнің қандай болары бүгінгі біздің мейіріміміз бен жауапкершілігімізге тікелей байланысты. Ұрпағына қамқор елдің ғана келешегі кемел, болашағы баянды болмақ.