Оқиға • Бүгін, 16:45

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында керқұландардың жаңа тобы жабайы табиғатқа жіберілді. Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 

Жануарлар 25 мамыр күні табиғатқа жіберілген. Олардың ішінде Прага қаласынан жеткізілген бір айғыр және Венгриядағы Хортобадь ұлттық паркінен төрт бие бар.

Құландар бұған дейін арнайы орталықта кең қоршауда бір жыл бойы бейімделу кезеңінен өткен. Осы уақыт ішінде олар мамандар мен ветеринарлардың бақылауында болып, жергілікті климаттық жағдайларға толық бейімделген.

«Керқұландар табиғатқа жіберілгеннен кейін де резерваттың мемлекеттік инспекторларының тұрақты бақылауы мен қорғауында болады. Мамандар олардың қозғалысын және жабайы табиғатқа бейімделуін одан әрі қадағалайды, делінген министрлік хабарламасында.

Қызыл кітапқа енген құландар табиғатқа жіберілді

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің елімізге мемлекеттік сапары аясында Қазақстан аумағына төрт Амур жолбарысы әкелінген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Жалған жаланың құрбаны

Қоғам • Бүгін, 14:12

Алаш арысының адал жары

Қоғам • Бүгін, 14:03