Мектеп • Бүгін, 16:19

Шымкенттік жас түлек 118 шетелдік университеттен шақырту алды

1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы «125 High School» мектебінің 11-сынып оқушысы Жанерке Жүнісәлі 118 шетелдік жоғары оқу орындарынан шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол екі жыл бойы мақсатты түрде дайындалып, халықаралық IELTS емтиханын сәтті тапсырып, 6,5 балл жинаған. Соның нәтижесінде дарынды оқушы әлемнің жетекші университеттерінің назарын аударды.

Жанеркеге АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Италия, Испания, Түркия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері және Оңтүстік Кореяның беделді жоғары оқу орындары гранттар мен арнайы шәкіртақылар ұсынған.

Есік қаласында түлектер интернеттің өшуіне байланысты ҰБТ-ны қайта тапсырады

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Дастан Рақыманберді 12 еліндегі 74 беделді жоғары оқу орнынан шақырту алған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Жалған жаланың құрбаны

Қоғам • Бүгін, 14:12

Алаш арысының адал жары

Қоғам • Бүгін, 14:03