Қазақстан • 06 Ақпан, 2024

Бүгін жаңа Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін жаңа Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады

Фото: baribar.kz

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады.

Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Роман Склярға Үкіметті уақытша басқару жүктелді.