Қоғам • 06 Ақпан, 2024

Тұлғаға арналған кездесу кеші

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордадағы «Болашақ» университеті қазақ кино өнеріндегі шоқтығы биік тұлға, режиссер Шәкен Айма­новтың 110 жылдығына орайластырып, «Ұлт болмысына ұстын болған өнер» атты кездесу кешін өткізді.

Тұлғаға арналған кездесу кеші

Театр мен кинода қайта­ланбас кейіпкерлер галерея­сын қалыптастырып, тұңғыш кино­режиссер ретінде мәде­ни қазынамызды жауһар дүние­лермен байытқан ұлт мақ­танышының рухы ұлықталған кездесуге Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО Ха­лық әртісі Асанәлі Әшімов қатысты.

Университет ұжымымен кездесуде әйгілі өнер иесі Сыр­ға жасаған әр сапарынан ерекше әсер алатынын айтты. Бірақ бұл жолғы жүздесудің орны бөлек.

«Шәкен Айманов шын мә­нінде, диапазоны кең дарын болды. Мен ол кісінің 3–4 фильміне түстім. Шәкеңдей талантқа шә­кірт болғанымды тағдырдың сыйы деп санаймын. Ол кісі жан-жақты еді. Ағылшын театры мен киносының көрнекті тұлғасы Оливье Лоуренспен сыйластығы – бөлек әңгіменің жүгі. Ал ауылға бара қалса, қарттармен де солардың қата­рындай сөйлесе беретін. Бұл уни­верситеттің Шәкеңнің мерейтойын атап өтуді оның атын иеленген «Қазақфильм» студиясынан бұрын бастап жатқанына таңғалып та, риза болып та отырмын», – деді Асан­әлі Әшімов.

Кездесуде Шәкен Айманов түсірген фильмдерден әндер орындалды. Университет оқы­ту­шылары мен студенттер қадір­лі қонаққа сауал қойып, әңгі­ме арқауы кино өне­рінің бұрын­ғысы мен бүгін­гісіне, жалпы қо­ғамдағы құн­дылықтарға ойысты.

Университет құрылтай­шысы Бақберген Досмамбетов мәр­тебелі меймандарға алғы­сын жет­кізді. Асанәлі Әшімовке «Бо­лашақ» университетінің құр­­метті профессоры» мәр­тебе­лі ата­ғын тапсырып, құрмет көрсетті.

 

ҚЫЗЫЛОРДА