Денсаулық • 13 Ақпан, 2024

Саябақтағы белсенді өмір

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісулықтар әр аптаның аяғында «Жастар» және «Жеңіс» саябақтарына келіп, сенбілік спорттық іс-шара­ларға қа­тыса алады. Дене қыздырудан бас­тап түрлі қозғалыс­қа ар­налған жаттығулар жасайды. Белсенді қатысқан­дарға ұйым­дас­тырушылар тарапынан сый-сияпат та қарастырылған.

Саябақтағы белсенді өмір

Суретті түсірген – Дмитрий Ерофеев

Алғашқы болған іс-шараға түрлі жастағы 500-ге жуық адам қатысты. «Бұл іс-шараның негізгі мақ­саты – бұқаралық спортты қар­қынды дамытып, саламат­ты өмір салтын ұстану. Өңірі­мізде денешынықтырумен айна­лы­сатындардың санын көбейту. Бас­тамамызды қолдап келгендерге алғысым шексіз, келесі сен­біде қатарымыз бұдан да көп болады деп ойлаймын», дейді об­лыстағы бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Рүстем Қалиев.

Мамандардың айтуынша, таңғы дайындық адамның им­мундық қабілетін арттырып, қан айналымын реттейді. Сонымен қатар күні бойы сергек жүруге септігін тигізеді.

Әр сенбі сайын өтетін Ден­саулық күнінде таңғы гимнастика, таңғы серуен, түрлі спорттық ойын­дармен қатар ыстық шай мен тәттілер де ұйымдастырылған. Жиналғандар арасында облыс­тағы ардагерлерді бастап келген Ермек Келімсейіт те болды. Ол «Денсаулық фестивалі» өте­тінін естіген бетте үйінде жата ал­маған.

«Қаламызда спортқа деген қол­дау жақсы. Әсіресе үлкендер қауымының осындай іс-шараға қатысып, жастарға үлгі көрсетіп жатқандығы қуантады. Бұл жерде, ең бастысы, әркім өз ден­сау­­лы­ғын нығайтып, саламатты өмір салтын дұрыс жолға қою­ға мүм­кіндік алады», дейді Е.Ке­лім­сейіт.

Іс-шара соңында белсенді­лі­гі­мен көзге түскендер Мақ­тау қағаздары және бағалы сый­лық­тармен марапатталды. Ұйым­дастырушылардың айтуынша, енді аптаның әр сенбісінде осындай бұқаралық спорттық іс-ша­ралар өтіп тұрады.

 

Жетісу облысы