Қоғам • 19 Ақпан, 2024

Астанада жиһаз цехы өртеніп жатыр

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық өрт сөндірушілер жиһаз цехындағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жиһаз цехы өртеніп жатыр

Фото: ТЖМ

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрт бүгін сағат 08:44-те тіркелген. Шақырту түсе салысымен өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өрттің алдын ала ауданы − 500 шаршы метр.

6

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 54 адам, 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды», делінген хабарламада.

6