Фото: ТЖМ
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрт бүгін сағат 08:44-те тіркелген. Шақырту түсе салысымен өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өрттің алдын ала ауданы − 500 шаршы метр.
«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 54 адам, 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды», делінген хабарламада.