Құтқарушы • 23 Ақпан, 2024

Полицейлер шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында полицейлер қатты аязда адасқан шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты. 22 ақпанда сағат 01:24-те «103» арнасының операторынан Жарма ауданындағы Шабақ қыстауынан шамамен 4 км қашықтықта екі ер адамның көмек сұрағаны туралы өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты

Фото: Polisia.kz

Екі адам кешкілік уақытта қыстақтан Суықбұлақ ауылына шыққан. Жол бойында трактордың жанармайы қатып қалғанын және кері қайтайын десе, адасып кеткендерін әрі қатты тоңғандарын айтып, шұғыл қызметтерге бірнеше рет қоңырау шалған. Кейбір жерлерде байланыс болмаған әрі телефонның қуат көзі де таусылуға шақ қалған.

Жарма ауданының учаскелік полиция инспекторлары дереу көмекке шақырылған.

«Іздеу жұмыстары оңай болмаған, өйткені адасқандар өздерінің координаттарын бере алмады. Полиция қызметкерлері Дастан Иманов пен Еркебұлан Самалхан шамамен бағытты түсініп, трактор дөңгелектерінің ізімен шыққан жерден адамдарды іздеу туралы шешім қабылдады. Нива автокөлігімен даланы аралап жүріп, полицейлердің өздері қар құрсауында қалып, көлікті тастап, әр минут маңызды екенін түсініп, іздеуді жалғастыруға шешім қабылдаған. Сол уақытта ауа температурасы -39-ға дейін жеткен. Өз өмірлерін қатерге тігіп, үсік шалған полицейлер 2 км-ден кейін тракторшыларды тапты»,  делінген хабарламада.