Әскер • 06 Наурыз, 2024

Балалар әскери ұшақпен саяхаттады

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау гарнизоны әскери қызмет­шілерінің балалары әскери ұшақпен «Балдәурен» республикалық оқу-са­уықтыру орталығына аттанды.

Балалар әскери ұшақпен саяхаттады

Балалар Қонаев қаласындағы оқу-сауық­тыру орталығына барып орналасып, орта­лықпен танысқан соң Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­рат­кері Арман Әсеновпен, «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозға­лы­сының төрағасы майор Мейірбек Мең­діғалиевпен кездесті.

Ерлік сабағында балаларға «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысы, «Айбын» жастардың әскери-патриоттық слеті, оның дәстүрлері және оған қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен айтылды. Ұйымдастырушылар балалардың мерекесін танымдық, қызықты етіп өткізуге тырысты. Олардың оқуында үзіліс болмайды.

Оқушыларға мектептегі пәндер бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Қорғаныс және Білім министрліктерінің жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру жөніндегі бірлескен жоспары осылайша жүзеге асуда. Биыл «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы мен оның қалалардағы филиалдарына әскери қызметкерлердің балаларына арналған мың­нан астам квота бөлінді.

 

Маңғыстау облысы