Бокс • 06 Наурыз, 2024

Асланбек нокаутпен ұтты

25 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Апеннин түбегінде өтіп жатқан Олим­­пия ойындарының іріктеу тур­нирінде еліміздің боксшылары өз қарсыластарын жайпап келеді.

Асланбек нокаутпен ұтты

Фото: on.kz

Жарыстың үшінші күні 60 кг сал­мақтағы Рима Волосенко өнер көр­сетті. Бұған дейін Тринидад пен То­багоның өкілі Хаднас-Сах Тиананы тізе бүктірген отандасымыз екінші кезеңде мажарстандық Петра Сабаны жақсылап сабады. Кешкі бағдарламада 71 кг салмақ дәрежесіндегі Асланбек Шымбергенов шаршы алаңға көтерілді. Команда капитаны Финляндияның жеті дүркін чемпионы Сэм Мороватиді ауыр соққының астына алып, оған бас көтертпеді. Екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқ­татуға мәжбүр болды.

63,5 кг салмақтағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы тағы бір тринидадтық Филипп Доннелмен қолғап түйістірді. Бұл бәсекеде жерлесіміз күмәнсіз жеңіске жетті.