Фото: on.kz
Жарыстың үшінші күні 60 кг салмақтағы Рима Волосенко өнер көрсетті. Бұған дейін Тринидад пен Тобагоның өкілі Хаднас-Сах Тиананы тізе бүктірген отандасымыз екінші кезеңде мажарстандық Петра Сабаны жақсылап сабады. Кешкі бағдарламада 71 кг салмақ дәрежесіндегі Асланбек Шымбергенов шаршы алаңға көтерілді. Команда капитаны Финляндияның жеті дүркін чемпионы Сэм Мороватиді ауыр соққының астына алып, оған бас көтертпеді. Екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
63,5 кг салмақтағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы тағы бір тринидадтық Филипп Доннелмен қолғап түйістірді. Бұл бәсекеде жерлесіміз күмәнсіз жеңіске жетті.