Пікір • 19 Наурыз, 2024

Ортақ құндылықтарды дамыту маңызды

32 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық құрылтай маңызы зор әрі қоғамдық алаңға айналып келеді. Биылғы Құрылтай жұмысы да жалпы мәжіліспен шектеліп қалмай, бірнеше секция аясында қызу пікірталас ұйымдастырылды.

Ортақ құндылықтарды дамыту маңызды

Фото: arfc.kz

Секцияларда жұмыстарымыздың негізгі бағыттары қамтылып, мақсат-мұраттарымыз бен бастамаларымызды өз арамызда ашық талқыға сал­дық. Меніңше, Құрылтайдың басқа консультативтік-кеңестік ор­ган­­дардан басты ерекшеліктерінің бірі де осында.

Секция отырыстарында жемісті және пайдалы пікір алмасу өрбіді. Секция модераторлары болған әлеу­меттік блоктың салалық бас­шы­ла­рымен бірге Құрылтай жобаларын іске асырудың жекелеген мәсе­ле­ле­рін тікелей және бірден сол жерде нақтылауға мүмкіндік алдық.

Атырауда өткен секциялар барысында көптеген тың бастама айтылды. Жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетудің маңыздылығы мен қажеттілігі сөз болды. Құрылтайға жиналғандар ұлтымызды бірік­ті­ретін қағидаттардың нақты тізі­мін қа­лыптастыруды басты міндет­те­рі­нің бірі санайды.

Ұлттық құрылтай тәжірибелі қоғам қайраткерлерін, ғалымдарды, са­рап­шыларды біріктірді. Біз түрлі жобаны, соның ішінде өңірлерде іске асыруға ерекше ден қойылған бастамаларға барынша мән-маңыз беріп отырмыз. Құрылтай мүшелері қо­ғамдық топтасуды нығайту, ортақ құн­­дылықтарды дамыту және ілге­рі­лету жөнінде ұсыныстар әзір­леу жө­ніндегі ортақ іске өз үлесін қосып келеді.

Бүгінде жастар өте өткір сынақ­тар­­мен бетпе-бет келіп отыр. Мұн­дай­­да білім қашанда уақыттың алдында жүруі керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Астанада қазақ-неміс мектебін ашу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Шетелдік мектептердің моделі бойынша ашылатын бұл оқу ордасы Орталық Азиядағы алғашқы білім орны болмақ. Бұл мектеп Германия мен Еуропаның білім беру кеңістігіне кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Евгений БОЛЬГЕРТ,

«Возрождение» немістер бірлестігі» қамқоршылық кеңесінің төрағасы