Фото: arfc.kz
Секцияларда жұмыстарымыздың негізгі бағыттары қамтылып, мақсат-мұраттарымыз бен бастамаларымызды өз арамызда ашық талқыға салдық. Меніңше, Құрылтайдың басқа консультативтік-кеңестік органдардан басты ерекшеліктерінің бірі де осында.
Секция отырыстарында жемісті және пайдалы пікір алмасу өрбіді. Секция модераторлары болған әлеуметтік блоктың салалық басшыларымен бірге Құрылтай жобаларын іске асырудың жекелеген мәселелерін тікелей және бірден сол жерде нақтылауға мүмкіндік алдық.
Атырауда өткен секциялар барысында көптеген тың бастама айтылды. Жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетудің маңыздылығы мен қажеттілігі сөз болды. Құрылтайға жиналғандар ұлтымызды біріктіретін қағидаттардың нақты тізімін қалыптастыруды басты міндеттерінің бірі санайды.
Ұлттық құрылтай тәжірибелі қоғам қайраткерлерін, ғалымдарды, сарапшыларды біріктірді. Біз түрлі жобаны, соның ішінде өңірлерде іске асыруға ерекше ден қойылған бастамаларға барынша мән-маңыз беріп отырмыз. Құрылтай мүшелері қоғамдық топтасуды нығайту, ортақ құндылықтарды дамыту және ілгерілету жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ортақ іске өз үлесін қосып келеді.
Бүгінде жастар өте өткір сынақтармен бетпе-бет келіп отыр. Мұндайда білім қашанда уақыттың алдында жүруі керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Астанада қазақ-неміс мектебін ашу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Шетелдік мектептердің моделі бойынша ашылатын бұл оқу ордасы Орталық Азиядағы алғашқы білім орны болмақ. Бұл мектеп Германия мен Еуропаның білім беру кеңістігіне кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Евгений БОЛЬГЕРТ,
«Возрождение» немістер бірлестігі» қамқоршылық кеңесінің төрағасы