30 сәуір күні Ванкуверде өткен FIFA конгресінде ұйым президенті Джанни Инфантино Иран ұлттық құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатынын мәлімдеді. Сондай-ақ құрама АҚШ аумағындағы бәсекелерде доп тебеді.
Алайда Иран делегациясы 211 мүше қатысқан конгреске келе алмаған. Бұған Канада билігінің федерация өкілдеріне елге кіруге рұқсат бермеуі себеп болған.
Футболдан әлем чемпионаты финалының билеттері тағы қымбаттады
Сол күні АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран құрамасының әлем чемпионатына қатысуына қарсылығы жоқ екенін жеткізді.