Аймақтар • 27 Наурыз, 2024

Орал әкімі қатаң сөгіс алды

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланды. Бұған су тасқыны кезеңіне дайындықтың нашарлығы себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орал әкімі қатаң сөгіс алды

Фото: gov.kz

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі облыстық жедел штаб отырысын өткізді.

«Сіздер су тасқынына дайын болмадыңыздар. Тіпті қала әкімдігінің ғимараты да суға батты. Мұның бәрі жауапсыздықты көрсетеді. Кеше-бүгін қаланы араладым, кейбір шағынаудандарда мен келгенде жұмыс енді ғана басталып жатыр. Орал әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңыздар», деп ескертті облыс әкімі.