Ауыл • 27 Наурыз, 2024

Медициналық нысандар ашылды

21 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­­тамасымен қолға алынған «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаң­ғырту» ұлттық жобасы аясын­да Қос­танай ауданының Октябрь кентінде, Ұзын­көл ауданының Ершов аулы мен Федо­ров ауданының Придорожный аулын­да фельдшерлік-акушерлік пункттер пай­да­ла­ну­ға берілді.

Медициналық нысандар ашылды

Жаңа медициналық нысан­дар ЭКГ, УДЗ, дефибриллятор, био­химиялық талдау ап­­парат­та­ры­мен және өзге де заманауи құрыл­ғы­лармен жаб­дық­­талады. Мұның сыртында атал­­­ған емдеу меке­мелеріне нау­­­қасты аудандық ауру­ханаға апар­­май-ақ жергілікті жерде талдау жүргізуге мүмкіндік бере­тін зерт­­ханалық құрылғылар орна­тылады.

«Медициналық нысан­дар­­дың ашылуы – шалғайдағы елді мекен­дердің тұрғындары үшін қол­жетімді және сапалы меди­циналық көмекті қам­та­ма­сыз етудегі маңыз­ды қадам. Жаңа амбулаториялар мен ФАП-тар білікті кадрлармен ғана емес, сонымен қатар заманауи­ меди­циналық жабдықтармен жаб­дық­талған. Бұл ауыл тұр­ғын­дары­ның өмір сүру сапасын едәуір арт­тыруға және азамат­та­рымыздың ден­сау­лығын жақ­сартуға мүмкіндік бере­ді», деді Ершов аулындағы ем­деу мекемесінің ашылу рәсіміне қа­­тыс­қан облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Жаңа медициналық нысан­дар алғашқы дәрігерлік-сани­тар­лық көмек көрсетуге қажеттінің бәрі­­мен жабдықталған. Ауыл­­дық жерде денсаулық сақ­тау инфра­құрылымының айтар­лық­тай жақ­саруы шалғай елді мекен­дер­дегі тұр­ғындарға дер кезінде меди­ци­на­лық көмек көрсету мүмкін­ді­гіне жол ашып отыр. Емханалық кө­мек көрсету жүйесін жетілдіру ая­­­сында биыл сәуір айынан бас­тап са­ла­лық мамандардың қабыл­да­уы­на тіркелу жолдары да оңтай­лан­­ды­­рылады. Науқастар қажет бол­­ған жағдайда салалық маман­ның қа­был­да­уына жалпы практика дәрі­­ге­рінің жолдамасынсыз-ақ жазыла береді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, биыл өңірде дәрігер-мамандар мен орта меди­циналық қызмет­кер­лердің саны арт­қан. Сондай-ақ ауылдық емдеу меке­мелеріндегі кадр мәсе­лесі де бір­тіндеп өз шешімін таба бас­таған. Ма­­мандар өңірде өлім-жітім­нің де жал­­пы көрсеткіші төмен­дегенін айтып отыр. Мысалы, қан ай­налымы жүйе­сі ауруларынан, қатерлі ісік­тер­ден, туберкулезден, жаза­тайым оқи­ғалардан, уланудан және жарақ­ат­та­нудан болатын өлім-жітім азайды.

Биыл «Ауылдың денсаулық сақ­тау саласын жаңғырту» ұлт­тық жо­ба­­сы аясында облыс орта­лы­ғы­нан шал­­ғай жатқан елді мекендерде 25 мед­и­­циналық мекеме салу жоспарланып отыр.

 

Қостанай облысы