Аймақтар • 28 Наурыз, 2024

Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендер көмексіз қалмайды - облыс әкімі

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов  екі күннен бері жойқын су тасқыны болып жатқан Арқалық қаласында, Амнгелді, Жангелдин аудандарында жүр. Арқалықта БАҚ өкілдеріне сұқбат берген әкім жағдайды тікелей өз бақылауына алғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендер көмексіз қалмайды - облыс әкімі

«Қазгидрометтің» мәліметінше, облыстың оңтүстік өңірінде мұндай алапат су тасқыны бұрын-соңды болмаған. Табиғи апаттың басты себебі – өңірде қыс бойы жылдағы мөлшерден екі есе көп қар жауды. Күз жаңбырлы болып, топырақ қабатына бір жарым метр тереңдікте тоң қатып қалды. Осылайша, ауа райы күрт жылынды да, еріген қар суының бәрі жерге сіңбей, тоңның үстімен жүріп жатыр», деді әкім.  

Дегенмен, қажетті шаралар қабылданды. Құмар Іргебайұлының айтуынша, құтқару жұмыстарына бір мыңнан аса адам, 500-дің үстінде түрлі техника жұмылдырылған.

«Оның ішінде 4 тікұшақ бар. Тек соңғы екі күннің ішінде қауіпті жерлерден 443 адам құтқарылды. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылды. Олардың бәріне мемлекет тарапынан көмек берілетін болады. Бірде бір адам мемлекет назарынан тыс қалмайды», деді Құмар Ақсақалов.