Аймақтар • 28 Наурыз, 2024

Асық ойнаған озар

937 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық ұстаз Эльвира Ақбатырова оқушыларға ұлттық асық ойындарын үйретеді. Өзі 200-ден аса асық жинап, түрлі түске бояған.

Асық ойнаған озар

Бұрын оның отбасы Қы­зылқоға ауданын­да тұрған. Кейін Аты­рау қаласына көшіп кел­ген. Қазір ол мұнайлы шаһар­дағы Қ.Сәтбаев атындағы №19 мек­теп-гимназиясының бас­тауы­ш сыныбына дәріс береді.

«Өзіміздің балаларымызға асық жинаған едік. Олар есейген соң асықты не істеу керек? Оқушыларға ұлттық ойын­дарды үйрету үшін бір дорба асықты мектепке алып кел­дім. Алғашқыда оқушылар асыққа таңырқап қарады. Кей­бірі асықты көрмеген екен. Қызыққаны асық­ты үйіне алып кетуге сұрады. Кейін оқу­­­­шы­ларым асық жинай бас­тады. Сабақ кезінде ұлдарға асық ату, ал қыздарға бес асық пен ханталапай ойындарын үйретіп жүрмін. Бірінші сынып оқушылары үшін асықтан әріптерді құрастырдым. Асық­пен ойын ойнау оқушылардың қол моторикасын дамытуға сеп­тігін тигізеді», дейді Эльвира Ақ­батырова.

Оның айтуынша, ата-енесі, өзге де туыстары асық жинауға көмектесіпті. Ал асыққа қына­мен, шай және жүн бояуымен түрлі реңк береді.

«Асық ойындарының ба­ла­­ның сымбатты болуына ық­палы бар. Өйткені асық ой­наған бала иілу, адымдап жү­ру, секіру, сақа иіру, көздеп тигізу, лақтыру мен ату секілді түрлі қимылды жасайды. Асық ойнаған баланың мергендігі, қырағылығы мен икемділігі же­тіледі. Қимылы ширап, ойлау қабілеті жақ­сарады, түстерді тез ажыратады. Бастауыш сы­ныптың оқу­шыларын сергіту үшін асық ойын­дарын пайдаланамын» дейді Э.Ақбатырова.

 

Атырау облысы