Білім • 29 Наурыз, 2024

1-сыныпқа қабылдау басталады

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде бас­талады. Қабылдау 2024 жылдың 31 тамызына дейін жал­ға­са­ды. Бұл туралы Оқу-ағарту минис­тр­лігі хабарлады.

1-сыныпқа қабылдау басталады

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан аса бала барады деп болжанып отыр. Ал былтырғы мектепке баланы қабылдаудан биылғы мектепке қабылдаудың басты айырмашылығы, яғни кейбір өзгерістерге қатысты Орта білім комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева:

– Қазақстан Республи­ка­сы­ның кейбір заңнамалық акті­ле­ріне білім беру, тәлім­герлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі 2024 жылдың 23 ақпанында қабыл­дан­ған Заңына лицейлер мен гимназияларға бірінші сы­ныпқа қабылдау кезінде емти­хан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық бала, дайындық деңгейіне қара­мастан, тең мүмкіндіктерге ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байла­ныс­ты бірінші сынып оқушы­ла­рындағы психо­логиялық қысым­ды азайтуға бағытталған, – деді.

Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтіні­ші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у форма­сын­дағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 бала­ның денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Ата-ана­лар баланың құжаттарын элек­трондық үкіметтің еgov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады.