Тұлға • 31 Наурыз, 2024

Болмысы бөлек қаламгер

91 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Көркем әдебиет еш уақытта өлмейді. Ол өлсе, өмір өледі» деген сөзді ғұ­мырлық мұратына ай­нал­дыр­ған жазушы, драматург, публицист, Мем­лекеттік сыйлықтың және М.Шолохов атын­дағы халықаралық сый­­лықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сі­ңірген қайраткері, «Па­расат» орденінің иегері, саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған Сәбит Досанов өмірден өтті. Өзі жиі айтатын өлмейтін өмірді шы­ғармашылығының алтын арқауына айналдырған қаламгердің ғұмыры – осы ғибратымен құнды, осы өне­гесімен мәңгілік.

Болмысы бөлек қаламгер

Әдебиет сыншылары, жал­пы оқырман қауым тарапы­нан жазушының «Қыран қал­ғымайды» атты повес­тер жинағы,  «Тау жолы», «Екін­ші өмір» атты романдары асқан шабытпен жазылған баға­лы еңбек ретінде жылы қабыл­данса, өмірдің өзекті мәселе­лерін көтерген «Жер тағ­дыры», «Сексен бес­тің көктемі», «Адас­­паңдар, адамдар», «Сың­сып ұшқан сыңар аққу» атты шығармалары да сурет­керді көркем сөздің шебері ре­тінде танытты. Қаламгердің  «Жиырмасынша ғасыр», «Ұйық», «Тұйық» романдары әде­би қауым тарапынан түр­лі дең­гейде лайықты бағасын алды. Ал республикалық және облыстық театрлар сахнасында қойылған «Да­уыл», «Ертең бюро», «Тозақ шеңбері» спек­такль­дері қоғамның өзекті мә­селелерін қоз­ғаған құн­ды қойылым ретінде көрермен жү­регінен орын алды. Осы орайда «Сә­бит Досановтың романы өте қызық, өткір, талантты. Өткір болып, дарынсыз болса – бұл үгіт. Егер талантты, әдеби әлеуеті мықты болса, бұл – әдебиет!» деп жазушының қалам қуа­тын дөп басқан Ресей Мемлекеттік сый­лығының лауреаты, ақын Олег Шес­тин­ский­дің берген бағасы – шын баға.

Қаламгер атқарушы билікпен, іскер азаматтармен тығыз бай­­ланыс орнатып, оларды шы­ғармашылық әлеміне тартып жү­ретін. Бір айта кетерлігі, жазу­шы Мәскеу мен ТМД қалам­герлерімен де қоян-қолтық қа­рым-қатынаста болды.

Жазушы Сәбит Досановтың сомдаған көркем бейнелері, іскер­лігі қазіргі әде­биеттің тал­ғам таразысында байыпталып, жұртшылықпен бірге жасай береді деп санаймыз. 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024