Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
413 материал табылды

Жансарай • 25 Сәуір, 2024

Сәулебек АСЫЛХАН: Театрда тұшынып тамашалайтын спектакль аз

Режиссер Сәулебек Асылханұлының театрдағы жүріп өткен жолы сурет­керлік дара қолтаңбасымен ғана емес, әдебиет пен драматургия, жалпы өнер әлеміндегі таутұлғалармен қатар жүріп, батасын алған һәм қайраткер қаламгерлермен қанаттаса жүріп қайталанбас қойылымдарын өмірге әкелген тағылымды тарихымен де құнды. Ғабит Мүсірепов, Тахауи Ахтанов, Әзірбайжан Мәмбетов сынды суреткерлік әлем саңлақтарының сенімінен шығып, өзі де сол парасат биігіне бойлаған режиссердің таңғажайып театр туралы толғанар ойы, бүкпесіз айтар сыры мол.

Сұхбат • 25 Сәуір, 2024

Мейір Байнеш: Отандық операның келешегі зор

Ұлттық операмыздағы Біржан, Төлеген, Айдар сынды кілең басты партияларды парасатты өнерімен өрге сүйреп жүрген Мерей Байнеш есімі бекзат өнердің талғампаз тыңдармандарына жақсы таныс. Күні кеше ғана «Астана опера» театры опера труппасының жетекшісі ретінде жауапты жұмысқа кіріскен танымал тенор һәм талантты әртіспен өрелі өнер турасында ой өрбіткен едік. Әнші еліміздегі опера өнерінің аяқ алысы, даму деңгейі туралы тұшымды әңгімесін бүкпесіз ортаға салды.

Театр • 18 Сәуір, 2024

«Ревизордың» күлкісі

Күлкінің де түр-түрі болады. Ұлы Мұхтар Әуе­зовше айтсақ, жақынды қуантатын күлкі, жатты суалтатын, сорақыны мұқатып, келеңсізді келе­междейтін, сол арқылы кемшілікті жоюға меңзей­тін күрескер күлкі бар. Сонымен қатар жеңілтек, сұйық, көңілсіздер санатына арналған көңіл ашар, зілсіз күлкі де өмір сүреді.

Мәдениет • 17 Сәуір, 2024

Құбылыс болған «Қыз Жібек»

«Күләшпен кездесу – әнмен кездесу еді» деп еске алыпты әнші ту­ра­­сында әйгілі композитор Латиф Хамиди. Олай деуіне себеп­ те, дәлел де мол. Өйткені әншінің бойындағы саф алтындай жар­­қыраған тума талант қай кезде де өзінің даралығын таны­тып тұратын.

Жансарай • 11 Сәуір, 2024

Тойған ІЗІМ: Би өнері өмірімнің мәніне айналды

Биде ұлттың тұтас болмысы жатады. Себебі би арқылы күллі таным-түсінік, салт-сана, құндылықтарды бейнелеп, бедерлеуге болады. Қимылымен күллі қазақтың, тіпті бар адамзаттың арман-мұрат, бітім-болмысын бейнелеген Шара Жиенқұлова, Нұрсұлу Тапалова сынды дарабоз дүлдүл, шын шеберлер салған би өнеріндегі соны сүрлеу, сара жолды табысты жалғап, жемісті еңбек еткен Тойған Ізім есімі бүгінде көпшілікке жақсы таныс. Кәсіби сахнаға 17 жасында шығып, 27 жыл үздіксіз билеп, қазір Қазақ Ұлттық хореография академиясында шәкірт тәрбиелеп жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, профессордың би өнеріндегі қолтаңбасы қандай дара болса, жүріп өткен жолы да дәл сондай тағылымды. Көненің көзін көріп, ғибратын бо­йына сіңірген парасатты жанның бекзат өнер туралы айтар ойлары терең, пікірі байыпты.

Өнер • 11 Сәуір, 2024

Сегіз серінің әндері шырқалады

Біртуар әнші, ақын әрі композитор Сегіз серінің «Гауһартас», «Назқоңыр», «Сәулем-ай» атты ғажайып әндері мен басқа да туындылары «Астана опера» сахнасында қайта жанданып, көрермендерді музыка халықтың жанына айналған дәуірге жетелейді.

Театр • 09 Сәуір, 2024

Премьера қарсаңындағы қарбалас

Дәл қазір «Астана операда» 11-12 сәуір күндері өтетін Г.Дони­цет­тидің «Қоңырау немесе Дәріха­на­шы­ның неке түні» операсының пре­мьерасына қызу дайындық жүріп жатыр. Шымылдықтың ар жа­ғында сөзбен айтып жеткізгісіз шы­ғар­машылық толқыныс пен ға­жайып атмосфера орнаған.

Сұхбат • 08 Сәуір, 2024

Элмар БӨРІБАЕВ: Шынайы өнерде шекара жоқ

Әйгілі музыкалық әулеттің із­басары Элмар Бөрібаев – жо­ғары кәсібилігі мен шеберлігін паш етіп келе жатқан дарынды дирижер. Соңғы жылдың өзінде ол Иржи Килианның «Кіші өлім» бірегей балетінің, Цезарь Кюи­дің «Етік киген мысық» операсы­ның қоюшы дирижері атанып, Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсында дирижер­лік дебютін жүзеге асырды. Ол «Шопениана», «Шехеразада», «Сильфида» спектакльдеріне ғана емес, сонымен қатар гала-опе­ралар мен гала-балеттерге де дирижерлік етеді. Ал бұл – көпшілік білетіндей, айрықша ыждаһаттылық пен ауқымды материалды зерттеуді талап ететін аса күрделі міндет. Енді міне, 13-14 сәуір күндері жас маэстро Л.Минкустың «Дон Кихот» балетімен дирижер тұғырына көтеріледі. Аталған спектакльдегі Элмар еңбегі – оның дебюті. Махаббат пен ерлік туралы айтулы классикалық хикая жас маэстроның жетекшілігімен жаңа бояуларға ие болмақ. Операның қыр-сырын дирижердің өзінен сұраған едік.

Сұхбат • 04 Сәуір, 2024

Гүлсина МЕРҒАЛИЕВА: Өнер өресімен өміршең

Әдетте режиссура тек қана ер адамның төл мамандығындай қабылданады. Себебі сырттай сұлу көрінгенімен, шын мәнінде, бұл саланың салмағы зіл батпан, ал жүктейтін жауапкершілігі одан да зор. Сондықтан болса керек, талабы таудай, талғамы терең өнердің бұл бағытына батылы баратындар көп емес. Ал бағың жанып келдің екен, қатардағы көптің бірі болмай, жанартаудай атқылап сахнада жаңалық жасай алатындар тіптен аз. Осыдан ширек ғасыр бұрын режиссураның табалдырығын имене аттап, ә дегеннен-ақ тың ой, батыл көзқарасымен өнерде төңкеріс жасаған Гүлсина Мерғалиева есімі бүгінде еліміздегі ең үздік режиссерлердің көшін бастайды. Сананы сілкінтер спектакль қойып қана қоймай, бір топ курстасымен келіп сонау Маңғыстаудың маң даласында театр ашып, тыңнан түрен салған Гүлсинаның ерен еңбегін ерлік демеске шараң жоқ. Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма ­театрында ашылғаннан бері бас режиссер әрі көркемдік жетекші, кейін директоры қызметін абыроймен атқарып, Жантөрин театрын жаңаша жаңғыртқан режиссура реформаторымен өрелі өнер турасында сыр-сұхбат құрған едік.

Театр • 02 Сәуір, 2024

«Қаллеки тынысын» сезінген сәт

Халықаралық театр күні қарсаңында сахна әлемінің бір сілкініп алатыны рас. Ойнап-күліп, көңіл сергіту ғана емес, жүріп өткен жолына есеп беріп, жеткен жетістігі мен кеткен кемшілігін саралауға бағытталып өткізілер өнегелі іс-шаралар да мейрамның кәсби маңызын арттырып, театр тағылымын тереңдете түсетіндей.