
Көрме • 20 Қыркүйек, 2024
Өткен аптаның басты жаңалықтарының бірі болған өнер оқиғасы – Димаштың концерті. «Астана Арена» стадионында екі күн қатарынан аншлаг жасаған әншінің таланты шын мәнінде талайды тамсантты. Ал айтулы іс-шараға орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен елордадағы Ұлттық музей төрінен ашылған әртістің өмір белестері мен шығармашылығына арналған «Дүние дидарындағы Димаш» атты керемет көрме қазақ қана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған шетелдік келушілерді де таңдай қаққызды.
Өнер • 20 Қыркүйек, 2024
Кеше «Астана Операның» үлкен залы сахнасында бекзат өнер жанкүйерлері тамаша кештің куәсі болды. Театрдың балет труппасының көркемдік жетекшісі, әлемдік балет жұлдызы Алтынай Асылмұратованың асқан шеберлікпен құрған бағдарламасы көпшілік көрерменді тәнті етті.
Өнер • 17 Қыркүйек, 2024
Әлемді әнімен әлдилеп, дүние дидарын үнімен ұйытқан Димаш – Дінмұхаммед Құдайбергеннің әр концерті жанкүйерлері үшін қашан да үлкен оқиғаға ұласып жатады. Елордамыздың төріндегі «Астана Арена» стадионында екі күн қатарынан өткен әншінің «Stranger» шоуы бұл жолы да сол қалыбынан танбады. Жаһанның 80 елінен келген 10 мыңға тарта көрерменіннің басын төр қалада қосқан ғаламат концерт саф өнер тыңдармандары мен әншінің жанкүйерлері үшін шын мәнінде үлкен жаңалық болды.
Театр • 13 Қыркүйек, 2024
Күз келіп, күн суытқанымен, көңілді сәулелендіретін театрлардағы жып-жылы оқиғалар – көрермен үшін тамаша тарту. Бірінен кейін бірі жаңа маусымының шымылдығын түрген өнер ордалары өз жаңалығымен жанды жадыратты. Әдеттегіше ізденіс-ыждаһатымен көркемдік биіктен үн қатқан ұжымдардың алдағы маусымда ұсынар жаңалығы да мол.
Өнер • 11 Қыркүйек, 2024
«Астана Операның» жаңа маусымы
Арқаға күз келді. Күзбен бірге көңілдерге қуаныш сыйлар мәдени өнер ошақтары да жазғы жемісті демалысынан кейін кезегімен өз шымылдығын түре бастады. «Астана Опера» театрындағы мазмұны мол, түрі бай ұлттық операларымызды айшықтаған «Kazakh Opera Gala» концерті XII театр маусымын ашып отырған ұжымның жаңа маусымдағы жаңалықтарының жарқын сәті болды десек, артық айтпағанымыз.
Кино • 27 Тамыз, 2024
Мәншүк! Осы бір есім қазақ үшін қандай қастерлі болса, қаһарман қыз туралы түсірілген көркем туындылар да дәл солай қымбат, құнды. Майдан даласында қыршыннан қиылған жауқазын-тағдырға өнер тілінде қойылған сондай ұлы ескерткіштің бірі де, бірегейі – Мәжит Бегалиннің «Мәншүк туралы дастан» фильмі десек, артық айтпағанымыз.
Мәдениет • 06 Шілде, 2024
Секен ағаның әңгімесін тыңдап, саз туралы сырласудың өзі жаныңа симфониядай ғаламат әсер сыйлайды. Ал домбырасының шанағына тұнған күмбір күйі мен жүректерге жылу құйған әсем әндеріне құлақ түрудің қаншалықты рухани мейрам екені айтпаса да түсінікті. Бір қызығы, күйшімен кездесуіміз үнемі табиғат аясында орайласады екен. Әлбетте, бұл сәйкестік емес, өнер иесінің жан қалауы болса керек. Болмысы табиғатпен біте қайнасып кеткен күйші толғана кетсе, домбырасының көмейінен құйылған күмбір күйдей көкірегінен де көркем әңгіме ақтарылады. Бұл жолғы жүздесуіміз де өрелі өнер мен өнегелі өмір турасында тарқатылды.
Сұхбат • 28 Маусым, 2024
Рамазан СТАМҒАЗИЕВ: Домбыра үнінде мәңгілік сағыныш бар...
Ол атақ-даңқ, ресми мойындалусыз-ақ халықтың сүйікті әншісі, ұлтының өз ұлына айналып кеткені қашан. Десе де өткен жылдың аяғында Мемлекет басшысының қолымен табыс етілген «Қазақстанның халық әртісі» атағы Рамазан Стамғазиев өнеріне берілген шын мәніндегі әділ баға, талассыз шешім болғаны хақ. Дәстүрлі әннің дамуы жолында тер төгіп, әншілік жолда ғана емес, ғылыми бағытта да есесіз еңбек етіп жүрген әншінің ұлттық өнер десе өзі де, үні де ерекше өрекпиді.
Өнер • 24 Маусым, 2024
Елордалық талғампаз тыңдарман үшін 2 шілде күні К.Байсейітова атындағы камералық зал сахнасында өтетін «Музыкалық контраст» концерті – ерекше өнер оқиғасы болмақ. «Астана Опера» оркестрінің дирижер тұғырында – бағдарлама авторы, «Құрмет» орденінің кавалері Руслан Баймурзин.
Қоғам • 21 Маусым, 2024
Ал өз тіліңді құрметтеу – парызың. Әр қазақ үшін бойтұмарға айналған Қадыр ақынның әйгілі сөзінің қадіріне жеткен қазақ қызы жат елде көпті тәнті етті.