Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
511 материал табылды

Сұхбат • 14 Ақпан, 2025

Болат ҰЗАҚОВ, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Өнерге өктемдік жүрмейді

Театр – көзге көрініп-кө­рін­бейтін қарбаласқа толы мекен ғой. Қашан барсаң да, өнер тудыру жолында жантала­сып жатқан жанкешті тірліктің ортасынан бір-ақ шығасыз. Сахна саласы мамандарының қай-қайсысы да бойындағы мүмкіндігін тұта­сымен өнер­ге бағыштағысы ке­леді. Режис­сер, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Болат Ұза­қов­­тың жұмыс бөлмесінің есі­гін қаққанымызда дәл сон­­дай қауырт қарбаластың үсті­­нен түстік. Үстелінің бетін тұта­­сымен жаба бейберекет ша­­шыл­ған қағазға қарап, тағы бір ауқымды жобаға кіріскенін сөз­сіз түсіндік. Сонда да іште­гі сауа­лымызды іркіп қал­май: «Жа­қында тағы бір қойылым­ның премьерасына куә боламыз ба?» деп сұрап үлгердік.

Әдебиет • 13 Ақпан, 2025

Жүрекке әжім түспейді

Шерхан Мұртазаның «Жүрекке әжім түс­пейді» әңгі­ме­сін оқыған сайын жақсы тақырыптың жарты мақала ғана емес, тіпті тұтас туын­ды­ның жүгін көтеретін құдіреті бар екендігіне одан сайын көз жете түскендей болады.

Сұхбат • 12 Ақпан, 2025

Алтынай НӨГЕРБЕК: «Netflix» жобасы – фильмографиямдағы тың тәжірибе

Отандық әртістердің әлемдік өнер кеңіс­тігінде мойындалып жатқаны қуан­тады. Әсіресе кейінгі жылдары кино мен театр саласында сүйін­шілейтін жаңалық мол. Соның бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актриса Алтынай Нөгер­бектің «Netflix» жобасы аясында Испания мем­лекетінде түсірілген ауқымды тарихи туындыға қатысуы дер едік. Күні кеше ғана кәрі кұрлықтан шығармашылық мол тәжірибе һәм тұ­шымды жаңалықтарымен елге орал­ған өнер иесін әңгімеге тарттық.

Кино • 05 Ақпан, 2025

Жібектің әні

Әйгілі «Қыз Жібек» фильмінің жарыққа шыққанына биыл тура 55 жыл толады екен. Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де көрерменін әлі күнге дейін экран алдында тапжылтпай ұстайтын туындының өн бойында тілмен айтып жеткізгісіз бір тылсым күш бар ма дерсің? Себебі қанша мәрте қайталап көрсең, сонша мәрте жан дүниеңді әлемтапырық күйге бөлейтін фильмнің әсерін құбылыс демесең, қиянат болатындай.

Мәдениет • 24 Қаңтар, 2025

Отандық анимация: балаларды қалай қызықтырамыз?

Қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» туындысының түсірілгеніне биыл тура 58 жыл толады екен. Бірақ неге екен, әлі күнге дейін ұлттық балалар анимациясы десе, айналып келіп осы фильмге орала береміз. Сонда алғашқы қазақ мультфильмі таспаланғаннан бергі арадағы алпыс жылда ел аузынан түспейтін, талай буынды тәрбиелеген айтулы туындыға татитын қазақ балалар анимациясы түсірілмеген бе?

Әдебиет • 24 Қаңтар, 2025

«Құлыным менің» – құндылық қайнары

Замана тақырыбын жазу өте қиын. Замандас бейнесін жасау одан да күрделі. Ал драманың әдебиеттің бір төл баласы екен­дігін ескерсек, бүгінде шығармада заманауи кейіпкерлер бей­несінің сомдалуы – кезек күттірмейтін мәселелер қатарында.

Мирас • 23 Қаңтар, 2025

Мерейтой аясындағы жобалар

Биыл Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінің 90 жылдық мерейтойы. Осыған орай музейдің бай тарихы мен көпқырлы қызметін айшықтайтын кең ауқымды бағдарлама әзірленді.

Театр • 17 Қаңтар, 2025

Жаңаша жаңғырған «Қасым хан»

Драматургияда тарихи тақырып игерілмеген алқап сияқты, зерттеу­лер, зерделенер тұстары мол. Соның бірі – Қасым хан бейнесі. Алайда тарихта «Қасым ханның қасқа жолы» атағымен мәлім қазақтың алыс­ты болжаған біртуар хандарының бірі туралы тарихи драма жазуға күні бүгінге дейін көп қаламгердің батылы бармай келе жатқаны және рас. Кинорежиссер Ақан Сатаевтың фильміне арқау болғаны болмаса, жалпы тұлға туралы тұшымды дүние өзінің жұлдызды сәтін күткеніне де көп болған. Осы олқылықтың орнын Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық драма театрында тұсауы кесілген Асылбек Ихсанның «Қасым хан» тарихи драмасы толтырғандай болды.

Әдебиет • 14 Қаңтар, 2025

«Ғашықтар» ғаламаты

Жазушы Ілияс Есенберлиннің талайлы тағдыры ғана емес, шығармашылық қиял қарымы мен ғибратты ғұ­мырындағы игерген тақырып ауқымы һәм сол мақ­сатын орындаудағы табанды еңбекқорлығы, рас, қай кезде де оқырманы үшін феномен. «Көшпенділер» мен «Алтын Ордадай» тарихи тақырыптағы тең­дес­сіз трилогияларды өмірге әкелген қаламгердің жүрек қылын шертіп, жан дүниені әлемтапырық күй­ге түсіретін «Ғашықтардай» ғаламат шығарма ту­ды­руы – шынымен таңғажайып таланттың жемісі.

Кино • 31 Желтоқсан, 2024

Өжет әйел туралы фильм

Отандық киноөндірісте арт хаус, яғни нағыз өнер бағытында өнімді еңбек етіп жүрген режиссердің бірі – Әділхан Ержанов. Ол түсір­ген «Қожайындар», «Қап-қара адам», «Сары мысық», «Дауыл», «Ұлболсын» сынды ав­торлық фильмдер әлемнің талғампаз көрермені мен кино мамандарының жүрегін жау­лап үлгерді. Ержановтың жаһандық кино кеңістігінде жұлдызын жаққан тағы бір үздік туынды – «Дала қасқыры» драмасы.