
Өнер • 30 Мамыр, 2024
Құлагердің ажалы һәм азалы Ақан
Көңілдегі көрікті ойдың кестеленіп қағазға түскенінің бәрі өнер ме? Жоқ, әрине! Біздіңше, жүректі қозғап, көңілге ой салғаны, жанды тазартып, сананы сілкінткені – жауһар. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылболат Смағұловтың шеберханасына бас сұққанда назарымызды бірден өзіне бұрғызған бұл картина бояу палитрасының парасатымен ғана емес, ондағы кейіпкердің қайшылыққа толы характерімен де еріксіз жанында ұзақ кідіртті.
Өнер • 28 Мамыр, 2024
Бұл түні Ыстанбұл түбі бір түркінің емес, күллі әлемнің рухани орталығына айналғандай. Жер-жаһанның түкпір-түкпірінен асыға жеткен нөпір халық әнімен жүректерге жылу құйған әншісіне жанкүйер болуға Түркияның әйгілі «Бешикташ» стадионына жиналды. Алты Алаштың алақанынан асып шығып, алты құрлықтың қымбатына айналған дүлдүл Димаштың ән кеші ғой себебі.
Таным • 22 Мамыр, 2024
«Қысқалық – таланттың шыңы» деген ұлы А.Чеховтың пікірін толық қолдайтын ұлттың бірі – жапондар. Оның дәлелі 1986 жылы Жапонияда «Жылаған гүлдер мен қайғырған талдар. Солтүстік Еуропадағы қанды шайқастардың соңғы күлі» деген атаумен орыстың әйгілі романы жарық көрді. Кітап көлемі – небәрі 150-ақ бет.
Өнер • 22 Мамыр, 2024
Қайта түрленген «Нотр-Дам де Пари»
XX ғасырдың әйгілі хореографы Ролан Петидің Морис Жаррдың музыкасына қойған «Париж Құдай анасының соборы» атты аңызға айналған балеті – бекзат өнер жанкүйерлерінің қай кезде де асыға күтетін қойылымы. Айтулы туынды елорда тұрғындары мен қонақтарына «Астана опера» театрының Үлкен залы сахнасында ұсынылды.
Музей • 21 Мамыр, 2024
Музей түні: Мыңжылдықтарға барлау
Ұрпағына ұмытылмастай ұлы мұралар қалдырған ұлттың ұпайы қашанда түгел. Бұл жағынан қазақ халқы ешкімнен кем емес. Ал сол тамырлы тарихпен тілдесіп, көне құндылықтардан рухани қуат алып, таным кеңейтуге пейілді болсаңыз, әлбетте музейге бас сұққаныңыз ләзім. Себебі музей – тарихпен тілдесу мүйісі.
Мәдениет • 16 Мамыр, 2024
Жалғыз-ақ күйімен көңілдерге мәңгілік көктем орнатқан Әбдімомын Желдібаевтың өмірден өткенін естігеннен-ақ, қимастығымыз болар, ерке сезімді сөйлеткен «Ерке сылқымды» қайта-қайта тыңдай бердік. Тыңдап отырып тамаша күйдің тарихына да бойлап кетіппіз.
Театр • 16 Мамыр, 2024
«Астана опера» театрының К.Байсейітова атындағы Камералық залында «Әйгілі опера ариялары» шырқалды. Кеш қатысушыларының қатарында елімізде және алыс-жақын шетелдерде құрметке ие болып жүрген танымал әртістер, театр солистері бар.
Таным • 16 Мамыр, 2024
1927 жылы Мәскеуде түсірілген бұл сурет қандай құнды болса, тарихы да сондай қасіретті. Әйгілі композитор Александр Затаевичтің шақыруымен алғашқы кәсіби қазақ театрын құрған қайраткердің бірі Жұмат Шанин бір топ өнерпазды Мәскеуге концерт беруге алып барады.
Театр • 15 Мамыр, 2024
Жаңаша үн қатқан «Ромео мен Джульетта»
Түркістан музыкалық драма театрының сахнасында тағы бір өлмейтін махаббат дастаны көрерменімен қауышты. Ол – әлемдік классика жауһары Уильям Шекспирдің әйгілі «Ромео мен Джульетта» қойылымы.
Кино • 15 Мамыр, 2024
Елордада соғыс кезіндегі қыздардың ерлігін бейнелейтін «Қара қыз» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Айтулы кинотуынды Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау орталығының демеуімен түсірілді. Фильм режиссері әрі сценарий авторы – Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов.