
Театр • 25 Желтоқсан, 2020
Атақты режиссердің атымен аталады
Биылғы Тәуелсіздік мерекесі елордалық театрлар мен мәдени мекемелер үшін жағымды жаңалығымен есте қалды. Соның негізгісі – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шешімімен елордалық «Nomad City Hall» МКҚК-ның Nomad театрына қазақ театр өнері режиссурасының реформаторы, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтің есімі берілді.
Өнер • 23 Желтоқсан, 2020
Тәуелсіздік күні «Астана Опера» театрында елордалық көрермен назарына ұсынылған «Дала үні» ұлттық балетінің әлемдік премьерасы талғампаз өнерсүйер қауым үшін тамаша тарту болғаны сөзсіз. Өйткені өнердің бұл айтулы оқиғасын көпшілік ерекше толқыныспен асыға күтті. Би тілінде бейнелі бедерленген балет шын мәнінде ұлттық өнер қоржынына қосылған қомақты олжа десек, титтей де артық айтқандығымыз емес.
Абай • 16 Желтоқсан, 2020
Олар бұл күнді отыз жыл күтті. Зәулім ғимарат, алып сахна, қалың көрерменнің толассыз қошеметі... Міне, көптен күткен қуаныш, бақ елордалық Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының басына қонды. Ұзақ жылдан бері кішкентай сахнада үлкен өнер тудырып келе жатқан талантты шығармашылық ұжым ХХХ мерейтойлық театр маусымының шымылдығын Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясымен еңселі де жаңа төл ғимаратында салтанатты түрде көрерменіне айқара ашты.
Өнер • 16 Желтоқсан, 2020
Қазақстанда алғаш рет «Бейбарыс сұлтан» балет тілінде сөйледі. Жақында «Астана Балет» театрында айтулы қойылымның премьерасы өтті. «Сұлтан Бейбарыс» тек хореографиялық тұрғыдан жаңашылдығымен ғана ерекшеленген жоқ, сондай-ақ спектакльмен қатар тікелей камера лентасына таспалануымен де дараланды. Сөйтіп, елімізде тұңғыш рет балет өнерінде атаулы қойылыммен аттас телебалет те өмірге келді.
Өнер • 03 Желтоқсан, 2020
Ұлы Абайдың әдеби мұрасымен қалың қазақ хакім заманында-ақ таныс болғанымен, кемеңгер тұлғаның даналық болмысы һәм жалпы әдеби туындыларына келелі зерттеулер өткен ғасырдың 40 жылдарынан бастап көркем-әдеби бейнеде жарқын насихаттала бастады. Сондай іргелі зерттеу, жанды жаңалықтың бірі – 1940 жылдың 20 қазанында М.Әуезов пен Л.Соболевтің бірігіп жазған «Абай» трагедиясының сахнаға шығуы.
Театр • 01 Желтоқсан, 2020
Арқа төрінде ақ түйенің қарны жарылды. Астаналық көрермен асыға күткен Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының жаңа ғимаратының тұсауын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі келіп кесті. Көптен күткен қуаныш осылайша үлкен тойға ұласты.
Руханият • 18 Қараша, 2020
«Атаманның ақыры» немесе Аймановтың соңғы фильмі
«Атаманның ақыры» – қазақ кино қоржына теңдессіз олжа болып қосылған қомақты туынды. Айтулы фильм отандық кинематография тарихына детектив жанрында түсірілген тұңғыш кинокартина ретінде енуімен құнды болса, қазақтың ұлтжанды ұлы, бірегей режиссері Шәкен Аймановтың соңғы түсірген туындысы болуымен аяулы, қастерлі.
Театр • 12 Қараша, 2020
Жақында «Астана Балет» театрында «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, хореограф Анвара Садықова қойған «Желтораңғы туралы аңыз» бір актілі балетінің премьерасы өтті. Қазақ өнерінің саңлақтары – композитор Қуат Шілдебаев және либретто авторы Бақыт Қайырбековпен бірлесе отырып балетмейстер мазмұны терең хореографиялық туындыны дүниеге әкелді.
Руханият • 12 Қараша, 2020
Ән жазу – мехнатты іс. Ал сол жазған әнің жайлы оның тарихын мөлдіретіп жазып шығу, тіпті қиын. Өзгелер жайлы пікір білдіру бір басқа да, өзіңнің еңбегіңе баға беру мүлдем бөлек. Илья Жақановтың шеберлігі – бос мақтанға еріп кетпей, әндерінің жазылу тарихы жайындағы эсселерін нақты дерек пен образ негізінде сөйлете алуы.
Өнер • 10 Қараша, 2020
Мұстафа Өзтүрікке арналған күй
Композитор Шолпан Қорғанбек қазақтың біртуар перзенті Мұстафа Өзтүрікке арнап күй шығарды. Бұл сазгердің тұлғалар рухына бағыштаған алғашқы туындысы емес. Бұған дейін бірқатар біртуарлар бейнесін күй тілінде кестелеген композитордың атаулы шығармасы тұлғалар циклының жүйелі жалғасы.