Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
218 материал табылды

Қазақстан • 27 Сәуір, 2020

«Қазақфильм» Ұлы Отан соғысына арналған фильмдерді көрсетілімге шығарды

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы жақындап келеді. Бұл мереке қазақстандықтар үшін ерекше маңызды. 1941 жылы Қазақ КСР-інен 1 200 000-нан астам сарбаз майданға жұмылдырылды, олардың әр екіншісі майдан даласында қаза тапқан.

Руханият • 27 Сәуір, 2020

«Большая опера» жобасының жеңімпазы Салтанат Ахметова жеке концертін береді

Опера жанкүйерлері оның өнер көрсетуін әрдайым тағатсыздана күтеді, ал әншінің қатысуымен өтетін спектакльдердің билеттері санаулы күндердің ішінде сатылып кетеді. «Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова бүгін «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында онлайн концерт береді.

Руханият • 23 Сәуір, 2020

Елордада алғашқы театр радиосы эфирге шықты

Карантин тәртібінде бас қала тұрғындарының театрға бару тілегі үлкен арманға айналып отыр. Көрерменінен көз жазып қалған театр ұжымдары да дәл сондай сағыныш құшағында.

Руханият • 23 Сәуір, 2020

«Қорқыт» ансамблі «Битлз» тобының «Yesterday» әнін өзгеше шырқады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі карантин кезінде аты аңызға айналған «Битлз» тобының танымал «Yesterday» әніне импровизация жасады.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Отбасылық ескі фотосуреттерді жандандыруға арналған жаңа челлендж басталды

Отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған ерекше байқаудың бас жүлдесі – отбасылық кәсіби фотосессия. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві космос жайында виртуалды көрме ұсынды

Экспозицияға космонавтиканың қалыптасуы мен жұлдызаралық ғарышқа алғашқы ұшулар туралы архив материалдары кірді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан • 21 Сәуір, 2020

Театр: Айболат Жаудыр ГИТИС ректорымен сұхбаттасады

М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры Айболат Жаудыр мен Ресей театр өнері институтының (ГИТИС) ректоры, белгілі театр сыншысы, филология ғылымдарының кандидаты Григорий Заславский тікелей эфирге шығады. 

Қазақстан • 21 Сәуір, 2020

«Астана Опера» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай онлайн жобаны іске қосты (видео)

«Астана Операның» танымал әншілері Жаннат Бақтай, Жанат Шыбықбаев, Меир Байнеш, Айзада Қапонова, Мәдина Исламова, Болат Есімханов, Әсем Сембина, Назым Сағынтай, «Астана Опера» симфониялық оркестрінің музыканттары мен опера труппасының бас концертмейстері Елена Сахно Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады. 

Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Елордалық қуыршақ театрын онлайн 19 мыңнан астам көрермен тамашалады

Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театры 19 наурыздан бастап қашықтан жұмыс істей бастады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Қуыршақ театрының онлайн жобасы көрерменін қуантты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры елдегі төтенше жағдай кезінде де өз көрермендерін ұмытқан жоқ. Тәрбиесі мол түрлі қойылымдарымен балдырғандарды бақытқа бөлеп жүрген өнер ұжымы күн сайын сағат 16.00-де «Қолдан қалай қуыршақ жасауға болады?» атты шеберлік сағатын,  17.00-де онлайн сұхбат, 22.00-де түнгі ертегілер айдарын өткізіп, саф өнерді сүйетін қауымға шаттық сыйлап келеді. Сондай-ақ, достықты, ерлікті, адалдықты, адамгершілікті дәріптейтін ертегілердің аудио жазбасын және театрдың YouTube арнасында әртүрлі спектакльдерді жұрт назарына ұсынып жүр.