Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
305 материал табылды

Қоғам • 02 Ақпан, 2022

Тышқан кемірген аттестат

Академик Серік Қирабаевтың ғылымдағы қайраткерлігі мен қажыры қандай қарымды болса, өмірдегі ақсүйек болмысы мен адамдық қасиеті де бойындағы тектілігімен тамаша қабысып жататын. Бүгінде өткен шақтың еншісіне бұйырған ол естеліктер жылдар алға жылжыған са­йын құндылығын арттырып, тағылымымен әлі де талай буынның таным көкжиегін кеңейтуге қызмет етері хақ.

Театр • 13 Қаңтар, 2022

«Күзгі іңірдегі» көңіл сыры

Соңғы уақытта елде белең алған қиын жағдайлар, қайғылы оқиғалардың жүрекке салған ізі театр сахнасына жол тартқан қойылымдарда да жиі айтылып, көрерменіне ой салып жүр. Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрындағы өткен жылдың жылжабар өнер жаңалығы болған Айвонн Менчеллдің «Күзгі іңір» («Сен маған керексің...») спектаклінің премьерасы адам жанының нәзік те күрделі әлемінің қатпарына үңіліп, жұмбағын шешуге арналыпты.

Өнер • 31 Желтоқсан, 2021

Өнегелерімен өміршең

Өнер әлемі үшін өнегелі өрнектелген өткен жыл келер жылға да тамаша тартулары мен жақсы жаңалықтарын қалдырып бара жатыр. Тәуелсіздік тойымен түйінделген сыйға толы өткен жылдың жетістігін 2022 жылы да табысты жалғайтындығына сенім мол.

Өнер • 27 Желтоқсан, 2021

Азапты жылдар шындығы

Бас қаланың ең жас театры – Музыкалық жас көрермен театрында А.Л.Ж.И.Р. тұтқындарының рухына арналған жазушы, драматург Мәдина Омарованың «CHANEL №5» деректі драмасының премьерасы өтті. Тарихтың қанмен жазылған қасіретті парақтарынан сыр шертетін қойылым ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында сахна төріне шықты.

Өнер • 22 Желтоқсан, 2021

«Махаббат мұнарасындағы» мөлдір әлем

Сахнадан сұлулық іздеп, көркемдік көргісі, тазарғысы келетін талғампаз көрермен үшін Түркістан музыкалық драма театры тамаша тарту жасады. Құйрықты жұлдыздай келте қайырылған қысқа өмірінде артына мол мұра қалдырған жазушы Талаптан Ахметжанның «Сұлу мен суретші» шығармасының желісінде сахнаға жол тартқан «Махаббат мұнарасы» лирикалық драмасының тұсауы кесілді. Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген премьера Түркістан төрін шын мәнінде өнердің үлкен мерекесіне айналдырды.

Театр • 21 Желтоқсан, 2021

Алтайдан ауған ел

Ел тәуелсіздігімен қатар келген Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының 30 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында астана төрінде үш күн қатарынан «Алтайдан ауған ел» қойылымының премьерасы өтті. Елорда тұрғындары мен қонақтарын елең еткізген айтулы өнер оқиға­сы – «қаллекиліктердің» ұлық мейрамға жасаған үлкен тартуы.

Театр • 21 Желтоқсан, 2021

«Қылкөпір» – адамзат трагедиясы

Тәуелсіздік тұсауын кескен елорданың жас та жасампаз өнер ордаларының бірі Жастар театры сахнасында ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа­ты Нұрлан Оразалиннің «Қарақазан ғасыр» драмалық дастанының негізінде режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай қойған «Қылкөпір» спектаклінің тұсауы кесілді. Премьера ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Өнер • 23 Қараша, 2021

«Жас қазақ»

«Жас қазақ»! Ән өнерінің жау­һары саналатын бұл туындының даңқы ел ішінде қаншалықты мәшһүр болса, туу тарихы сон­шалықты мұңды. Ал майдан даласынан халық ортасына жету тағдыры жүрек тебірентерлік.

Өнер • 21 Қараша, 2021

Тәуелсіздік және театр

«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты.

Театр • 18 Қараша, 2021

Фэнтези стиліндегі «Алпамыс»

Еліміздегі сәні мен салтанаты келіскен өнер ордаларының бірі – «Астана Опера» театрының репертуар қоржыны тағы бір тамаша туындымен толықпақ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 3-4 желтоқсан күндері «Астана Опера» сахнасында Кәукен Кенжетаевтың либреттосына жазылған Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» батырлық операсының тұсауы кесіледі. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен дайындалған спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің халық әртісі Юрий Александров.