Кино • 12 Наурыз, 2025

«Қазақ қызы» – тұңғыштар туралы деректі фильм

51 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйытқы болуымен түсірілген «Қазақ қызы» деректі фильмдер топтамасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұлттық телеарна эфирінде көрерменімен қауышты.

«Қазақ қызы» – тұңғыштар туралы деректі фильм

Деректі топтама қазақ әйелдері арасынан шық­қан тұңғыш д­әрігер Аққағаз Досжанова мен Гүлсім Асфендиярованың, ал­­ғашқы мұғалім, этнограф, аудар­машы, журналист Нәзипа Құлжанова мен Хұсни-Жамал Нұралыханованың өмір жолына арналған. Жоба авторы – журналист, документалист Әлия Әшім, қоюшы-режиссері – Қуаныш Жылжақсынов, сценарий авторы – Гүлнұр Қуанышбекқызы. Тағылымды іс-шараға қоғам қай­раткерлері, ғалымдар, журналистер мен түрлі салада қызмет етіп жүрген белсенді әйелдер қатысты.

«Қазақ қызы» жобасы өз дә­уіріндегі түрлі қиындыққа қарамастан, білім алуға, ха­лықты ағартуға ұмтылған қа­зақ әйел­дерінің өмірін, кү­рес­керлігін көр­сетеді. Бұл фильм­ді жасаудағы бас­ты мақ­сатымыз – қазақтың тұңғыш қайраткер әйелдерінің есімін, тарих сахнасындағы орнын дәріптеу, олардың ұлтқа деген риясыз қызметін кейінгі буын­ға жеткізу. Жобаны же­тілдіріп, тарихи сериал ре­тінде де жарық­қа шығару туралы жоспарымыз болған, алайда деректі фильм­нің түсірілімі ба­рысында кейіпкерлеріміз туралы дерек­тердің тапшы еке­ні­не көз жеткіздік. Біздің бұл ба­ғыттағы ізденістеріміз әрі қа­рай да жалғаса береді», деді фильм көрсетілімінен кейін сөз алған «Қазақстан» те­­­ле­­радио­кор­по­рациясының бас­­­қарма төр­айы­мы Ләззат Танысбай.

Иә, Алаш қайраткерлері ақ­талғалы бері олар туралы зерттеулер көп жасалды. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бө­кей­хан, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиндерден бөлек, есімі көп аталмайтын Отыншы Әлжанов, Мәннан Тұрғанбаев, Биахмет Сәрсенұлы, Уәлитхан Танашев, тағы да басқа тұлғалардың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы түгенделді. Алайда ел болып қалыптасуымыз үшін «жарты жаңқасы қалғанша» күрескен, ғұмырын ұлт мұратына арнаған әйелдер жөнінде толымды ең­бектер тым аз. Әрқайсысы жеке тоқталып, арнайы зерттеуді қажет етеді. Мәселен, қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш жоғары білімді дәрігерлердің бірі Гүлсім Асфендиярованың медицина саласына сіңірген еңбегі орасан. Ол – Орталық Азияда тұңғыш рет «кесір тілігін» жасаған маман. Бұл ғана емес, алғашқы жеке перзентхана ашып, акушерлерді даяр­лау курстарын ұйымдастырған тұлға ретінде де есімі тарихта қалды. Қаншама нәрестенің өмірін сақтап қалғанын білеміз. Сол секілді Әлихан Бөкейханның қызы Зейнептің де ұлтқа ти­гізген еңбегі ұшан-теңіз. Қазір әлемдік проблемаға айналған түсік тастау мәселесінің қаупі мен зиянын кешенді зерттеген. Демографиялық мәселелермен КСРО-ның медицина тарихында алғаш шұғылданды. Өкінішке қарай, қазақтың қайраткер қыз­дары қуғын-сүргінге түсті, көбінің елеусіз қалуының негізгі cыры осында. Бұдан басқа да қанша Алаш айымдарының есімі тарих қойнауында көміліп жатыр. Осы олқылықтың орнын толтырған «Қазақ қызы» деректі фильм­дер топтамасы шын мәнінде ұлттық телевизия қорына қосылған құн­ды қазына екені даусыз.

«Фильмді сондай бір үлкен толқыныспен тамашалап шық­тым. Расымен де қазақта небір дана, зиялы арулар өткен ғой. Тек солардың дер шағында зерттелмей қалғаны, көпшілігінің есімі әлі де көмескі тартып жат­қаны қынжылтады. Алаш арыс­тары секілді сол кездегі қазақ қыз­дарының да ұлт рухания­тына, ғылымы мен біліміне, өнеріне сіңірген еңбегі ерен. Қазір сол аруларымыздың еңбегін зерттеп, зерделемек тұрмақ, тіпті марқұмдардың қайда жер­ленгенін де білмейміз. Бұл – үлкен өкініш, жүректегі жазылмас жара. Осындай ауқымды да тарихи тақырыпты қолға алып, жүйелі зерттеу жүргізген жоба авторларына алғысым шексіз. Бұл ізденіс тоқтамай, келешекте де жалғасын табуы керек. Гүлсім мен Аққағаз, Нәзипадай қайсар қыздарымыз – келешек ұрпаққа үлгі болатын тұлғалар», деп айрықша тебіреніспен өз лебізін жеткізген алаштанушы ғалым Айгүл Ісмақова ішкі толқынысын да, жанарынан ытқып шыққан көз жасын да ірікпей, айтулы тұлғалар туралы тұщымды әңгі­ме айтты.

Ал сөз соңында тың та­қырыпқа түрен салып, тұл­ға­тануға жа­ңашыл көзқараспен үңіліп, таным­дық мәні терең фильмдерді түсірген жоба авторы, журналист, документалист Әлия Әшім айтулы жобаның түсірілім тарихына кеңінен тоқ­талды. Фильм авторы атап өткен­­дей, деректі туындының тү­сірілім жұмыстары Қазақстан, Өзбекстан, Ресей елдерін қамтып, 10-нан астам қалада жүргізілген. Ауқымды жобаға отандық, шет­елдік 50-ден аса зерттеуші атса­лысқан.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15