Өнер • Кеше
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы сахнасында «Astana sazy» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі «Аспаптар шеруі» атты жеке концертін өткізді.
Өнер • 28 Ақпан, 2026
«Almaty Theatre» сахнасында өткен күйші Абылай Тілепбергеннің «Серпін» атты шығармашылық кеші ұлттық өнердің рухын асқақтатқан айрықша мәдени оқиғаға айналды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастырумен өткен домбыра думанына Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген қатысып, кеш иесімен бір сахнада өнер көрсетті.
Театр • 27 Ақпан, 2026
Астанада «Замана жаңғырығы» этно-балетінің тұсаукесері өтеді
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы сахнасында 1 наурыз күні танымал хореограф, «GULDER» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың шығармашылық қызметіне 25 жыл толуына арналған «FLOW/АҒЫН» атты мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 27 Ақпан, 2026
Қазақ болмаса да, қазақ қызының болмысын экранда шынайы тірілткен актрисалар көп емес. Сондай сирек тағдырдың бірі – «Шабандоз қыз» фильміндегі Ғалия бейнесімен есте қалған саха ұлтының саңлақ қызы Лидия Ашрапова.
Өнер • 27 Ақпан, 2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы сахнасында «Операмен үндес махаббат» атты әсерлі музыкалық кеш өтті. Өнер ордасы сол күні классикалық әуенге шөлдеген көрерменге айрықша рухани тарту жасады.
Мәдениет • 26 Ақпан, 2026
Испания Ұлттық балетінің әртісі Астанада шеберлік сағатын өткізді
Қазақ ұлттық хореография академиясында Испания Ұлттық балетінің әртісі әрі хореографы Карлос Ромеро классикалық испан биіне арналған шеберлік сағатын өткізді. Танымал биші Академияның хореография факультеті мен мектеп-колледж білім алушыларымен жұмыс істеп, испан би мектебінің қыр-сырымен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 26 Ақпан, 2026
«Астана Опера» театры қазақтың аңызға айналған баритоны, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған ауқымды концерттер легін бастады. Өнер ордасы әншінің рухына тағзым етіп, сахна саңлағының шығармашылық мұрасын жаңғыртуға бағытталған арнайы жобаны көрермен назарына ұсынды.
Көрме • 26 Ақпан, 2026
Алматыда кино өнерінің қос алыбына арналған тағылымды кеш өтті. Ұлттық орталық музейде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Меңтай киномузейі бірлесе ұйымдастырған «Ұлы мұра – ұрпаққа өсиет» атты мерейтойлық көрме ел руханиятындағы елеулі оқиғаға айналды.
Өнер • 24 Ақпан, 2026
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Француз композиторы Франсис Пуленктің әйгілі «Адам дауысы» монооперасы қазақ тілінде алғаш рет сахналанды. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында өткен айтулы өнер оқиғасы әлемдік классиканың ана тілімізде жаңа тыныс алуының айқын көрінісі болды.
Тағзым • 17 Ақпан, 2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Сәлем саған, туған ел» атты музыкалық кеш өтті.