Мәдениет • Кеше

Ыстанбұл төрінде қазақ әуені қалықтады

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тарих пен мәдениет тоғысқан Ыстанбұл қаласында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері өнер көрсетіп, қазақ халқының бай рухани қазынасын түрік жұртшылығына кеңінен таныстырды.

Ыстанбұл төрінде қазақ әуені қалықтады

Қазақ өнерінің жау­һарлары орындалған бұл кеш екі ел ара­сындағы мәдени байланыс­тарды одан әрі тереңдеткен маңызды оқиғаға айналды. Концерт бағдарламасы ұлттық дәстүр мен заманауи му­зыкалық ізденістердің үй­лесімін айқын көрсетті. Сах­нада республикалық және ха­лықаралық байқаулардың лау­реаттары, танымал әрі жас өнерпаздар өнер көрсетіп, қазақ музыкасының тереңдігі мен көркемдік қуатын әйгіледі. Кеш барысында дәстүрлі ән-күй жаңаша өңдеуде ұсынылып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының өршіл күйлері, сал-серілік дәс­түрдің көрнекті өкілі Үкілі Ыбырайдың сырлы әндері, қобыз сарынымен мәңгілікті толғаған Қорқыттың мұрасы, ұлт рухын жырлаған Сәкен Сейфуллин шығармалары мен Нұрғиса Тілендиевтің заманауи ұлттық музыкасы орындалды. Сонымен қатар қазақ және түрік халық әндері әуелеп, екі халықтың тарихи-мәдени та­мы­рының ортақтығын айқын сездірді.

Кешке жиналған көрермен қауым қазақ өнерінің терең философиясына, әуен мен ырғақтың бай бояуына тәнті болды. Әрбір орындалған шығарма ұлттық болмыс пен рухты танытып, шетелдік тыңдарманға қазақ халқының тарихы мен дүниетанымынан сыр шертті.

Аталған мәдени іс-шара Қазақстанның музыкалық мұрасын халықаралық аренада насихаттауға, сондай-ақ қазақ-түрік арасындағы мәдени-гуманитарлық ынты­мақтастықты нығайтуға ба­ғыт­тал­ған маңызды қадам болды. Ыстанбұл төрінде өткен бұл концерт қазақ өнерінің әлемдік мәдени кеңістіктегі орны айқын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Кеше