Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
461 материал табылды

Руханият • 30 Қыркүйек, 2019

Ұлы дала рухын тірілткен туындының премьерасы неге қазақ тілінде өтпеді?

Қазақтың жанын ұлт­тық рухпен суарған та­ғы бір тамаша туын­ды көпшілікке жол тартты. Көрерменін екі жарым жылдан бері та­ғат­­­­сыздандыра тос­тыр­­ған «Томиристің» үл­кен экран­­­дағы тұсауы кесілді. Ел­о­р­даның «Қа­зақ­стан» ор­та­лық кон­­церт залында өткен фильм премьерасына төл та­рихын тануға ұмтылған халық ине шаншар орын қалдырмай, лық толды.

Кино • 24 Қыркүйек, 2019

Әлмира Тұрсын: Менің ішімде өз Томирисім өмір сүреді

Түбі бір түркі жұртының тұтастығы жолына ғұмырын арнап, тағдырын қиған даңқты қолбасшылар, жаужүрек батырлар тұлғасы тарих үшін қашанда қастерлі. Уақыт-ағзам алақанында әлдеқашан жазылып қалған ақиқат кейінгі ұрпаққа ғұмырлық тағылым десек те, сол дала данышпандарын лайықты деңгейде ұлықтай алып жатырмыз ба?!  Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында ерекше тоқталып: «Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар» – деп, өскелең ұрпақтың танымын тағылымды тарихпен суарып, патриоттық рухта тәрбие алуына, жас өскіндер санасына ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы фильмдер мен сахналық қойылымдарды жарыққа шығару жұмыстарына барынша назар аудару керектігін айрықша атап өткен болатын. Ұсыныс баянды бастамаларға арқау болып, ұлттық кинематография бірнеше сапалы көркем туындымен толығып үлгерді. Соның бірі –  «Томирис» фильмі.        «Томирис» кино тілінде сөйлейді» деген ақжолтай хабарды естігеннен бастап-ақ премьера күнін көпшілік қауым асыға күтті. Әсіресе басты рөлді сомдайтын актрисаның таңдалуы қызу талқыға түскені де ұмытыла қойған жоқ. Қазақстанды былай қойғанда, атағы күллі түркіні шарлап кеткен туынды халықтың төл тарихын тануға деген ынта-ықыласын әйгілеп берді. Санаулы күннен кейін отандық режиссер Ақан Сатаевтың көркем сараптауында көпшілікпен қауышқалы отырған картинада басты рөлді кино әлеміндегі жаңа есім – Әлмира ТҰРСЫН сомдайды. Аты аңызға айналған әйгілі Сақ патшайымын өз биігінде бейнелеу жолында тер төккен актрисамен фильм тұсаукесері алдында жолығып, аз-кем ой бөлісудің сәті түскен еді.  

Руханият • 17 Қыркүйек, 2019

Фариза... Фариза – жыр... Фариза – тағдыр...

– Әпке, артық билетіңіз жоқ па? Қанша болса да сатып аламын... – деп қиылды студент қыз. – Жоқ, өзім де билет таппай, не істерімді білмей тұрмын, – деді бала жетектеген орта жастағы келіншек күмілжи. Бұл – М.Әуезов театры ал­дындағы «Фариза» спектаклінің пре­мьерасы күнгі көрініс. Алма­тыны қанша жерден мәде­ниеттің ордасы десек те, дәл осын­дай есікке ентелей ішке кі­руге ұмтылған есепсіз көрер­мен­нің қарасын көрмегелі көп болып еді. Қуандық һәм ой­лан­дық. Халық ақынын сағы­нып­ты...

Руханият • 13 Қыркүйек, 2019

Шайтанкөлде шайтан бар ма?..

Қарағанды облысының Қар­қа­ралы өңіріне жолы түскен кез кел­ген жолаушының қаланың әсем табиғатымен танысу сапа­рын­дағы ең бірінші қоятын са­­уалы бұл. Қисынсыз емес. Өйт­кені аты ғана емес, заты да та­лай тылсым мен жұмбаққа арқау бол­ған Әулиекөлдің Шай­танкөлге айналғанға дейінгі тарихында адам түйсігі түсініп бол­мас қан­шама сыр жатыр.

Руханият • 06 Қыркүйек, 2019

Қарқаралыдағы Абай жолы

Киелі Қарқаралы топырағы көрсе көз сүйсінер әсем табиғаты, тамырын тереңге тартқан тағылымды тарихымен ғана емес, талай ғұлама ғалымдардың табанының ізі қалған сырға толы шежіресімен де қастерлі. Мұны кезінде қазақтың біртуар перезенті Қаныш Сәтбаев: «Алтайдан Карпатқа дейінгі ұлан-байтақ далада дәл Қарқаралы топырағындай қасиетті жер жоқ» деп дөп басып бағалаған болатын. Міне, осы бір киелі мекеннің қасиетіне қасиет, тарихына тағылым үстейтін есімдердің бірегейі – Құнанбай қажы мен хәкім Абай тұлғасы.

Руханият • 04 Қыркүйек, 2019

Тарихпен тілдескен түн

Тарихпен тілдескің келсе – музейге бар. Өйткені тағылымды мекен төрінен орын алған шежіре тұнған жәдігерлер галереясы тарих тарамдарын көне заманнан бүгінге дейін шебер тарқатады. Осы дәстүрден жаңылмай жұманың кешінде біз де елордадағы Ұлттық музейге қарай бағыт бұрдық.

Руханият • 30 Тамыз, 2019

Дулыға Ақмолда: Әр кейіпкерімнің «тағдыры» үшін жауаптымын

Бұл актер жайлы сөз қозғағанда биіктік пен тереңдік дейтін бір-біріне контраст ұғымды қатар айтқың келеді. Өйткені ол сомдаған кейіпкерлердің болмысы сондай. Бірде от болып жанып тұрып, келесіде мың құрсаулы қасат мұзға айнала салады. Бір рөлі екіншісіне ұқсамайтын ерекшелікке ие. Иә, бұл актер туралы айтқанда адалдық турасында ақтарылғың келеді. Ол – адами адалдық қана емес, өнерге, киелі сахнаға деген адалдық. Өйткені біздің бүгінгі кейіпкеріміз саф өнер – театр үшін өзін үнемі сақтап, баптап келе жатқан санаулы суреткердің бірі. Текті өнерді кие тұтқан талғампаз жан. Сондықтан болса керек, киноға да сирек түседі. Бірақ ол түскен фильмдер де театрдағы рөлдері сынды көрерменін бір сәт бейжай қалдырып көрген емес. Үнемі үздіктер қатарында. Сөз ауанынан-ақ аңғарған боларсыздар, біз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Дулыға Ақмолда туралы айтып отырмыз.

Руханият • 28 Тамыз, 2019

Роза Мұқанова: Өлеңдерінен Фаризаның өзін іздедім...

Жақында әлеуметтік желіде жарқ ете қалған Фариза Оңғар­сынова туралы қойылғалы жатқан «Фариза» спектаклінің афишасын көре салғаннан-ақ көңілді ерекше бір қуаныш кернеді. Бұл сезім тек біздің ғана емес, ақын өлеңін жастана оқыған әрбір оқырманға ортақ толғаныс екені анық. Өйткені өлеңін өміріне балап, ғұмыр бойы аялап өткен ақын жанының бар сыры мен болмысы қай кезде де оқырманын бейжай қалдырып көрген емес. Ал сол «Фариза» сахна арқылы тіл қатса, тіпті ғажап! Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында 5-6 қыркүйекте өтетін спектакль премьерасына дейін санаулы-ақ күн қалды. Осы орайда «Фариза» драмасының авторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы-драматург Роза Мұқановадан өзі танып, туындысына өзек еткен ақын әлемі туралы сыр бөлісуін сұраған едік.

Руханият • 27 Тамыз, 2019

Өлеңсүйер оқырман үшін тамаша тарту

Кеше елордадағы Ұлттық академиялық кітап­ханада өлеңсүйер оқырман үшін тамаша тарту – «Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» антологиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Жоба Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Рухани жаңғыру» бағдар­­ламасы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тікелей қолдауымен жүзеге асырылып отыр.