Қазақстан • 17 Маусым, 2019
Ортақ міндет – Отанға адал қызмет
Таңмен таласа оянып, жұмысқа асығып, күннің қабағы жұмылғанда ошақ басына оралуды қалыпты тірлікке айналдырған кез келгеніміз үшін қоғамдық тәртіпті сақтайтын сала қызметкерлерінің қалыпсыз тіршілік дағдысы таңсықтау әлем екені рас. Өйткені қараңғы түнмен бірге тыныштық құшағына енер қаланың бізге беймәлімдеу тұстарындағы түрлі тәртіп бұзушылықтардың алдын алып, тәулік бойы тыныштығымызды күзететін тәртіп сақшылары ол еңбегін дабыра-дабылсыз-ақ үнсіз атқарып үйренген.
Руханият • 04 Маусым, 2019
«Аладдин» рекордтық көрсеткішке ие болды
Тура бір апта бұрын ғана Disney өнімі – есімі әлемге белгілі кинорежиссер Гай Ричи түсірген «Аладдин» киномюзиклінің қазақ тілінде көрермен қауымға жол тартқанын айтып сүйіншілеп едік. Енді, міне, айтулы туындының отандық кинопрокатта апталық көрсеткіш бойынша көш бастағаны жайлы жеткен жағымды жаңалық және қуантып отыр.
Руханият • 03 Маусым, 2019
Жүрегі музыка деп соққан жас өнерпаздар үшін жыл сайын асыға күтетін үлкен өнер оқиғасы бар. Ол – «Жас қанат»! Міне, осымен 28-ші мәрте шымылдық түріп, жиырма сегізінші жұлдызын анықтауға кіріскен байқау көзді ашып-жұмғанша мәресіне де жетіп үлгерді. Үш күн бойы жас таланттардың үміт толы жанары мен лүпіл қаққан жүрегінің дүрсіліне куә болған елордалық тыңдарман кеше Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салтанатты жиында «Жас қанат-2019» жас орындаушылардың XXVІІІ республикалық байқауының кезекті жеңімпазына қуана қошемет көрсетті.
Кино • 28 Мамыр, 2019
Шығыс ертегілерін сүйіп оқитын оқырман үшін «Аладдин» ертегісіне деген қызығушылық бір сәт те бәсеңсіген емес. Әйгілі «Мың бір түн» жинағына енген айтулы хикаяның даңқы жылдар алға жылжыған сайын тіпті асқақтап, тек араб елінің емес, жаһанға ортақ жауһарға айналып үлгергені қашан!
Руханият • 27 Мамыр, 2019
Кезінде қайталанбас үнімен Париж халқын таңдай қақтырған Әміре Қашаубаев құбылысы араға тура ғасыр уақыт салып Димаштың дара дауысы, Ержанның ерек үні болып ортамызға қайта оралғандай.
Сұхбат • 24 Мамыр, 2019
Сәбит Құрманбеков: «Композитор» – достық туралы фильм
Өткен жұмада елорда төрінде қазақ-қытай бірлесіп түсірген «Композитор» атты алғашқы толықметражды көркем фильмнің тұсаукесері өтті. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен қытайлық «Shineworks Pictures» компаниясының ортақ жұмысы саналатын туынды қытайлық әйгілі композитор Сянь Синхайдың Кеңес Одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың аймаңдай ұлы, композитор Бақытжан Байқадамовпен достығынан сыр шертеді. Фильмнің тең режиссері, белгілі қазақстандық кинорежиссер, суретші Сәбит Құрманбековпен фильм турасында аз-кем әңгіме өрбіткен едік.
Руханият • 14 Мамыр, 2019
Елордадағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде Ауған соғысының аты аңызға айналған ардагері, арнайы мақсаттағы 177-жасақ командирі Борис Төкенұлы Керімбаев туралы деректі фильмнің премьерасы өтті.
Руханият • 30 Сәуір, 2019
«Богема» – нағыз махаббат дастаны
«Астана Опера» театрының жаңа маусымдағы шығармашылық ізденіс қарқыны шын мәнінде сүйсінтеді. Жыл басынан бастап бірнеше классикалық туындыны сахнаға шығарып, көрерменін қуанышқа кенелтіп үлгерген ұжымның тыңдарман үшін келесі тосын сыйы – Дж.Пуччинидің әйгілі «Богема» операсына ұласты.
Руханият • 25 Сәуір, 2019
Қырғыз әдебиеті қазақша сөйледі
Өзеннің қос сағасындай ежелден егіз жасасып келе жатқан қазақ-қырғыз әдебиетінің өміршең өнегесі кеше елорда төрінде өткен IV Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде жарқын жалғасын тапқандай. Халықаралық Түркі академиясының жетекшілігімен қазақ тілінде жарық көрген төрт бірдей қырғыз шығармасы соның айғағы.
Руханият • 22 Сәуір, 2019
Батыржан Смақов – дирижер, еліміздегі жалғыз контртенор опера әншісі. Бұған дейін шығармашылық иесін тек өнердің айналасындағы әріптестері осылай деп танып келсе, Қазақстанның 100 жаңа есімі қатарынан көрінгелі өнерпаздың ән әлеміндегі айрықша таланты мұқым қазаққа мәшһүр болды.